Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 21.09.2021 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 553 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарабұлақ ауылдық округінің Аяққы Желши қыстағына мүйізді ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі | А. Итжанов |