"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 11 қазандағы № 859 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Дайыр ауылдық округіне қарасты Дайыр ауылына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Зайсан ауданының Дайыр ауылдық округі әкімінің "Дайыр ауылдық округіне қарасты Дайыр ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8582 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. "Дайыр ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ауылдық округ әкімінің м.а | Д. Искаков |