Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 29.07.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 25 наурыздағы №344 ұсынысы негізінде Біржан ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Біржан ауылдық округіне қарасты "Әбдікен" шаруа қожалығының мүйізді ірі-қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Біржан ауылдық округінің әкімі | С. Хамитов |