"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 08 қарашадағы № 857 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Қаратал ауылдық округінің Қаратал ауылының Қ.Омаров көшесінің 39, 43, 46, 55, 74, 82, 84 аулаларына, Б.Рапиев көшесінің 6, 10, 12, 15, 16, 17, 27, 37, 37/2 аулаларына, К.Рамазанов көшесінің 18, 28, 44, 45 аулаларына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23011 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауылдық округінің әкімі | К. Каримов |