ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1 – тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Алтай қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. "ПромСтройАвтоматика" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Алтай қаласының Шахтосторителей көшесі бойында орналасқан электр беру әуе желісін төсеу және пайдалану үшін мерзімі 1 жылға алаңы 0,0008 га, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер телімдерін алып қоймай, жер телімдеріне шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
2. "Алтай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің Алтай ауданы әкімінің Интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай қаласы әкімінің міндетін аткарушы | И. Оконешников |