"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Катонқарағай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 23 қарашадағы № 14/124-VI (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5391 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Д. Бралинов |