ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Күршім ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күршім ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі №3 "Күршім ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-14-127 нөмірімен тіркелген, аудандық "Рауан" газетінде 2011 жылғы 11 мамырдағы № 37 санында ресми жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес".
2. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етеді:
1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін Күршім ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ШҚО Күршім ауданының Күршім ауылдық округінің әкімі |
С. Дузбаев |