Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 18.10.2021 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 738 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Абай ауылдық округінің "Рақымбай" шаруа қожалығына мүйізді ірі-қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Абай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ШҚО Күршім ауданының Абай ауылдық округінің әкімі |
Н. Сулейменова |