Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 30.05.2024 № 13-3/8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 4, 5 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 45-6/2 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6896 тіркелген, 2020 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) және 2) тармақшалар келесі редакцияда жазылсын:
"1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;
2) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда көпбалалы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;";
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша алып тасталсын;
2 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):";
3 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.";
5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"5. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.";
7 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"7. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
6) банктік шоты;
7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Қағидаларының 12 тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.";
9 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"9. Осы Қағидаларының 7 тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
16 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"16. Жергiлiктi жылумен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi өтiнiш берген айына қарамастан жылына бiр рет тоқсанға тағайындалады.";
18 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"18. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көрсетілмейді:";
30 тармағының 3), 4) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
"3) айына бір адамға газ шығыны – 6,5 кг.;
4) бiр айға электр энергиясын тұтыну – бір адамға 90 кВт. Бір адамнан көп адам тұрған жағдайда - әр адамға 45 кВт, барлығы 300 кВт аспау керек;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Таскайратова |
Көкпекті аудандық мәслихат хатшысы | Т. Сарманов |