Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округі әкімінің 01.08.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңы 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 01 - 11/169 ұсынысы негізінде, Көкпекті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Көкпекті ауылының "Заготзерно-элеватор" учаскесіндегі мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринарлық – санитарлық іс – шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс – шаралары белгіленсін.
2. Көкпекті ауданының "Көкпекті ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің аудан аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет – ресурсында орналастырылуын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім м.а. | С. Байсенгиров |