Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 04.04.2022 № 288 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыр уүшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Тарбағатайа уданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан екі пайыз мөлшерде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 523 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу Тізілімінде 7415 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2020 жылғы 29 шілдеде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаевқа жүктелсін.
4.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Смаилов |
2021 жылғы 26 сәуірдегі № 430 қаулысына қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орыналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Р/с № | Кәсіпорын атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) | Жұмыс орындар саны (адам) |
1 | "К.Нұрбаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 139 | 2 | 3 |
2 | "А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 72 | 2 | 1 |
3 | "Тоғас батыр атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 71 | 2 | 1 |
4 | "Ы.Кабеков атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 99 | 2 | 2 |
5 | "Тарбағатай-вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын | 250 | 2 | 5 |