ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып Екпін ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округінің Екпін ауылындағы атауы жоқ көшеге "Бадерикамал Солтанғазықызы" атауы берілсін.
2. Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округінің Екпін ауылындағы "Квартал №2" көшесі "Қапатай Жанқайыров" көшесі деп қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. КАРАТАЛОВ |