Ұлан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 98 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 желтоқсанда № 26153 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 28.10.2022 № 192 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабы 4) тармағына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұлан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 28.10.2022 № 192 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Ұлан аудандық мәслихатының шешімдерінің күші осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Г. Калиева

  Ұлан аудандық мәслихатының
2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 98 шешіміне 1 қосымша

Ұлан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 28.10.2022 № 192 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Ұлан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі –шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 27.06.2023 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алуды (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде "Ұлан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 27.06.2023 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес беріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 27.06.2023 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға оқу жылы ішінде айына төрт айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

  2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 98 шешіміне 2 қосымша

Ұлан аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1) "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" Ұлан ауданы мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 86 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4971 болып тіркелген) шешімі;

      2) "Ұлан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 86 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Ұлан ауданы мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 345 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6838 болып тіркелген) шешімі;

      3) "Ұлан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 86 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Ұлан ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 31 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8586 болып тіркелген) шешімі.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Уланском районе

Решение Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27 декабря 2021 года № 98. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2021 года № 26153

      Сноска. Заголовок решения в редакции решения Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28.10.2022 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико - педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", Уланский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Уланском районе, согласно приложению 1 к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28.10.2022 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу решения Уланского районного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата Г. Калиева

  Приложение 1 к решению
маслихата Уланского района
от 27 декабря 2021 года
№ 98

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Уланском районе

      Сноска. Приложение 1 в редакции решения Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28.10.2022 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Уланском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.06.2023 № 50 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Возмещение затрат на обучение детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее - возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Уланского района" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      Сноска. Пункт 4 в редакции решения Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.06.2023 № 50 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат (достижение ребенка с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Перечень документов, необходимых для возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью предоставляется согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат.

      Сноска. Пункт 6 в редакции решения Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.06.2023 № 50 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями, из числа детей с инвалидностью, по индивидуальному учебному плану равен четырем месячным расчетным показателям на каждого ребенка с инвалидностью в месяц в течение учебного года.

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены строкой девять приложения 3 к Правилам возмещения затрат.

  Приложение 2 к решению
от 27 декабря 2021 года № 98

Список решений Уланского районного маслихата признанных утратившими силу

      1) Решение Уланского районного маслихата "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" от 30 марта 2017 года № 86 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4971);

      2) Решение Уланского районного маслихата "О внесении изменения в решение Уланского районного маслихата от 30 марта 2017 года № 86 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" от 12 марта 2020 года № 345 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6838);

      3) Решение Уланского районного маслихата "О внесении изменения в решение Уланского районного маслихата от 30 марта 2017 года № 86 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" от 30 марта 2021 года № 31 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8586).