Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 01-26/392 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс – шаралар жүргізілуіне байланысты, Ұлан ауданының Азовое ауылдық округі Ново-Азовое ауылының "Семен" шаруа қожалығында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Азовое ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 4 наурыздағы № 2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8477 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | А. Дамдыбаев |