ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Асубұлақ кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, Асубұлақ кентінің әкімі ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кентіндегі келесі көшелер қайта аталсын:
"Ленин" көшесі "Абай" көшесіне,
"Октябрьская" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне,
"Ушанов" көшесі "Болашақ" көшесіне,
"Киров" көшесі "Ардагер" көшесіне,
"Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне,
"Автобазовская" көшесі" "Жүргізушілер" көшесіне.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесіні қамтамасыз етсін:
1) осы шешімінің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Асубұлақ кентінің әкімі | Н. Дюсембаев |