Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019 – 2025 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы" 2019 жылғы 6 наурыздағы №23-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5559 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Б. Конысбаева |