Ақжайық ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 16 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 21 қаңтарда № 6806 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес, Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақжайық ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 72 "Ақжайық ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6134 тіркелген, 2020 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысына (Р.Рахметуллин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Умитовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақжайық ауданының әкімі К. Айтмухамбетов

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 20 қаңтардағы № 16
қаулысына 1-қосымша

Ақжайық ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

Ақжайық ауданы әкімдігінің "Жайықтехсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығына негізделген)

106

2 %

2

2.

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

325

2 %

7

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 20 қаңтардағы № 16
қаулысына 2-қосымша

Ақжайық ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

"Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі

190

2 %

4

2.

"Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

27

2 %

1

3.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ақжайық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

705

2 %

14


Об установлении квоты рабочих мест по Акжаикскому району на 2021 год

Постановление акимата Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 20 января 2021 года № 16. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 21 января 2021 года № 6806

      В соответствии с Уголовно-исполнительным кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №13898), акимат Акжаикского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для организаций, независимо от организационно - правовой формы и формы собственности от списочной численности работников организаций по Акжаикскому району на 2021 год в следующих размерах:

      для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере двух процентов, согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в размере двух процентов, согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Акжаикского района от 7 апреля 2020 года № 72 "Об установлении квоты рабочих мест по Акжаикскому району на 2020 год" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6134, опубликованное 14 апреля 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Руководителю аппарата акима Акжаикского района (Р.Рахметуллин) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Е.Умитова.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким Акжаикского района К. Айтмухамбетов

  Приложение 1
к постановлению акимата
Акжаикского района
от 20 января 2021 года № 16

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Акжаикскому району на 2021 год

Наименование организаций

Количество рабочих мест

Размер квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоты

1.

Государственное коммунальное предприятие "Жаиктехсервис" Акимата Акжаикского района (на праве хозяйственного ведения)

106

2 %

2

2.

Государственное коммунальное казенное предприятие "Акжаикский районный центр досуга" государственного учреждения "Отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Акжаикского района"

325

2 %

7

  Приложение 2
к постановлению акимата
Акжаикского района
от 20 января 2021 года № 16

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Акжаикскому району на 2021 год

Наименование организаций

Количество рабочих мест

Размер квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоты

1

Государственное учреждение "Централизованная библиотечная система п.Чапаево"

190

2 %

4

2

Государственное учреждение "Аппарат акима Чапаевского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области"

27

2 %

1

3

Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Акжаикская районная больница" управления здравоохранения акимата Западно-Казахстанской области

705

2 %

14