Жаңақала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 қаңтарда № 6810 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы № 17-14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 14.05.2024 № 17-14 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 05.06.2023 № 7-2 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жаңақала ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 05.06.2023 № 7-2 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Жаңақала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 ақпандағы №43-1 "Жаңақала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6048 болып тіркелген, 2020 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Успанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Сессия төрайымы О. Кубесова
      Мәслихат хатшысы Д. Закарин

  Жаңақала аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 22 қаңтардағы
№ 2-3 шешімімен бекітілген

Жаңақала ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Ескерту. Мөлшер және тәртіп жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 05.06.2023 № 7-2 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жаңақала ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді орган белгілеген отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      5. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20498 тіркелген) бұйрығымен айқындалады;

      3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      6) банктік шоты;

      7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

      8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 11-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      7. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      8. Осы Ереженің 6-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      9. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      10. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      11. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.

      12. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жангалинском районе

Решение Жангалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 22 января 2021 года № 2-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 25 января 2021 года № 6810. Утратило силу решением Жангалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 14 мая 2024 года № 17-14

      Сноска. Утратило силу решением Жангалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 14.05.2024 № 17-14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок решения - в редакции решения Жангалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 05.06.2023 № 7-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года №2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Жангалинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Жангалинском районе согласно приложению к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Жангалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 05.06.2023 № 7-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу решение Жангалинского районного маслихата от 20 февраля 2020 года №43-1 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Жангалинском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №6048, опубликованное 21 февраля 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Руководителю аппарата районного маслихата (С.Успанова) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии О. Кубесова
      Секретарь маслихата Д. Закарин

  Утвержден
решением Жангалинского
районного маслихата
от 22 января 2021 года №2-3

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Жангалинском районе

      Сноска. Размер и порядок - в редакции решения Жангалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 05.06.2023 № 7-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Жангалинском районе, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченной семьи (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местным представительным органом, в размере 5 (пяти) процентов от совокупного дохода семьи (гражданина).

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Жангалинский районный отдел занятости и социальных программ" (далее – уполномоченный орган).

      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      4. Малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в Государственную корпорацию или на веб-портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      5. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет восемь рабочих дней.

      6. Для назначения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию и/или посредством веб-портала "электронного правительства" с предоставлением следующих документов:

      1) документа, удостоверяющего личность заявителя (оригинал представляется для идентификации личности);

      2) документа, подтверждающего доходы малообеспеченной семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 226 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20498);

      3) справки о пенсионных отчислениях (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      4) справки с места работы либо справки о регистрации в качестве безработного лица;

      5) сведений об алиментах на детей и других иждивенцев;

      6) банковского счета;

      7) счета о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      8) счета на потребление коммунальных услуг;

      9) квитанции-счета за услуги телекоммуникаций или копии договора на оказание услуг связи;

      10) счета о расходах за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Истребование документов, не предусмотренных настоящим пунктом, не допускается. Сведения о наличии или отсутствии жилища (по Республике Казахстан), принадлежащего им на праве собственности, услугодатель получает посредством информационных систем.

      При повторном обращении малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы, за исключением случая, предусмотренного пунктом 11 настоящих Правил.

      7. При приеме документов через Государственную корпорацию услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      8. В случае представления неполного пакета документов, предусмотренного пунктом 6 настоящих Правил, работник Государственной корпорации выдает расписку об отказе в приеме документов.

      9. В случае обращения через веб-портал "электронного правительства", услугополучателю в "личный кабинет" направляются статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      10. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      11. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи в порядке и сроки, установленные уполномоченным органом, осуществляющим руководство и межотраслевую координацию в сфере жилищных отношений и жилищно-коммунального хозяйства.

      12. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.

      13. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.