Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімінің 03.11.2022 № 16 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының төтенше жағдайларының алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2021 жылғы 26 сәуірдегі №4 хаттамасы негізінде, Жаңақала ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақала ауданы Жаңақала ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Мұқамбетжанов Асқар Жомартұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Жұмалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Жаңақала ауданының әкімі | Н.Карагойшин |