Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Жәнібек аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Уәлиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Хаби |
Мәслихат хатшысы | Т. Кадимов |
Жәнібек аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 31 наурыздағы №4-9 шешіміне қосымша |
1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 39-6 "2020 - 2022 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің бюджеті туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5970 тіркелген, 2020 жылы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Жәнібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 42-2 "Жәнібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қаңтардағы №39-6 "2020-2022 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6135 тіркелген, 2020 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Жәнібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 желтоқсандағы №49-3 "Жәнібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қаңтардағы №39-6 "2020-2022 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6526 тіркелген, 2020 жылы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).