Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2016 жылғы 25 қарашадағы №8-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4637 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Ж. Бисенгалиева |