"Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қаңтарда № 26519 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20439 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленіп тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу тәртібін және шарттарын айқындайды.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ғылыми-жобалау құжаттамасы – тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарының көлемін және құрамын айқындайтын құжат, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи, сәулет-көркем келбетін сақтауды, жаңғыртуды, қайта жасауды қамтамасыз ету жөніндегі жобалық шешім;";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде, уәкілетті органмен республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде жүргізіледі.

      Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары сондай-ақ олардың санатына қарамастан бюджеттен тыс қаражат есебінен, инвестицияларды тарту, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері мен пайдаланушыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      6. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың көлемі және құрамы тарих және мәдениет ескерткішін зерделеу барысында әзірленетін ғылыми-жобалау құжаттамасымен айқындалады.

      Тарих және мәдениет ескерткішінде жөндеу жүргізілген жағдайда жұмыстардың көлемі және құрамы ақаулы актімен айқындалады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тарих және мәдениет ескерткішінде ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қабылдауды бюджеттік бағдарлама әкімшісі немесе ғылыми-реставрациялық жұмыстарын қаржыландыруды бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырған жеке және (немесе) заңды тұлғалар техникалық (1950 жылдан кейін салынған қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінде) және авторлық қадағалауларды және мүдделі тараптардың өкілдерін тарта отырып жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрдің м.а.
А. Раимкулова

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 20 апреля 2020 года № 98 "Об утверждении Правил и условий проведения научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры"

Приказ и.о. Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 6 января 2022 года № 4. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 января 2022 года № 26519

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. В приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 20 апреля 2020 года № 98 "Об утверждении Правил и условий проведения научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20439) внести следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 18) статьи 10 Закона Республики Казахстан "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах и условиях проведения научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила и условия проведения научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 18) статьи 10 Закона Республики Казахстан "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия" и определяют порядок и условия проведения научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры.";

      подпункт 2) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "2) научно-проектная документация – документ, определяющий объем и состав научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры, а также проектное решение по обеспечению сохранности, возрождения, воссоздания исторического, архитектурно-художественного облика объектов историко-культурного наследия;";

      пункты 5 и 6 изложить в следующей редакции:

      "5. Научно-реставрационные работы на памятниках истории и культуры проводятся местными исполнительными органами на памятниках истории и культуры местного значения, уполномоченным органом на памятниках республиканского значения.

      Научно-реставрационные работы на памятниках истории и культуры независимо от их категории также осуществляются за счет внебюджетных средств, привлечения инвестиций, а также средств собственников и пользователей памятников истории и культуры.

      6. Объем и состав научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры определяются научно-проектной документацией, разрабатываемой в ходе изучения памятника истории и культуры.

      В случае проведения ремонта на памятнике истории и культуры объем и состав работ определяется дефектным актом.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Прием научно-реставрационных работ на памятнике истории и культуры осуществляется администратором бюджетной программы или физическими и (или) юридическими лицами, осуществившими финансирование научно-реставрационных работ за счет внебюджетных средств, с привлечением представителей технического (на памятниках градостроительства и архитектуры, построенных после 1950 года) и авторского надзоров и заинтересованных сторон.".

      2. Комитету культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение трех рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Раимкулова