Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2022 жылға арналған квотаны белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қаңтарда № 26567 болып тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 1-тармағына және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2022 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына қатысты келесі пайыздық мөлшерде:

      1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар бойынша 0,31% мөлшерінде;

      2) еңбекші көшіп келушілерді тартуға 3,2% мөлшерінде белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шапкенов
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Об установлении квоты на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности на территории Республики Казахстан на 2022 год

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 18 января 2022 года № 15. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 января 2022 года № 26567

      В соответствии с пунктом 1 статьи 32 Закона Республики Казахстан "О занятости населения" и подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан "О миграции населения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Установить квоту на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности на территории Республики Казахстан на 2022 год в процентном отношении к численности рабочей силы:

      1) по разрешениям, выдаваемым местным исполнительным органом работодателю в размере 0,31%;

      2) на привлечение трудовых иммигрантов в размере 3,2%.

      2. Комитету труда, социальной защиты и миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта;

      4) доведение настоящего приказа до сведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, акиматов областей и городов Нур-Султан, Алматы и Шымкент для руководства в работе.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Сарбасова А.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
С. Шапкенов

      СОГЛАСОВАН
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан