ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған аудиторлық қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті аудиторлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган –лицензиар (лицензиялар (оның ішінде телнұсқалар) беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру) болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының сандық даму, инновациялық және аэроғалымдық өнеркәсібінің министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық зкономика министрлігі |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 79 Бұйрығымен бекітілген |
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
№ р/с | Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды: | Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар | Ескертпе |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | "Астана" халықаралық қаржы орталығында тіркелген ұйымдарды қоспағанда, жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанының болуы | Жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама | Лицензиар орган www.elicense.kz, www.egov.kz мемлекеттік дерекқоры арқылы тексеріледі |
2. | Жарғылық капиталда аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесілі үлестің жүз пайызы болуы |
Жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама; | Лицензиар орган www.elicense.kz мемлекеттік дерекқоры арқылы тексеріледі |
3. | Аудиторлық ұйымның құрамында кемінде 2 (екі) адамнан тұратын (оның ішінде басшысының және (немесе) құрылтайшылардың (қатысушылардың) болуы | Осы аудиторлық ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторларға "аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiктерiнiң және осы аудиторлық ұйыммен еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшiрмелерi, басшының еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді | |
4. | Аудитордың өз қызметін аудитор ретінде тек бір аудиторлық ұйымның құрамында жүзеге асыруы | ||
5. | Аудиторлық ұйым басшысында, сондай-ақ аудиторларда аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің болуы | "Аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiктерінің көшiрмелерi | |
6. | Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес аудиторлық ұйымның басшысына қатысты бұрын ол жетекшілік еткен аудиторлық ұйымның лицензиясынан айыру туралы мәліметтердің болмауы | Осы талап лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл бойы әрекет етеді және аудиторлық ұйымдар тізілімінің және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкiлеттi органның ақпараттық дерекқорының деректерін пайдалана отырып тексеріледі | |
7. | Филиал басшысының Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнің болуы | "Аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiгiнiң, еңбек кiтапшасының, жеке еңбек шартының көшiрмелерi не басшының еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді | Бұл талап аудиторлық ұйымдар лицензия алғаннан кейін қолданылады |
8. | Аудитор бір ғана аудиторлық ұйымның қатысушысы болып табылады |
Жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама; | Лицензиар орган www.elicense.kz мемлекеттік дерекқоры арқылы тексеріледі |
9. | Аудитті жүзеге асыру кезінде мүліктік зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының болуы | Бұл талап аудиторлық ұйымдар лицензия алғаннан кейін қолданылады | |
10. | Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру |
Лицензиар орган | |
11. | Орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылады |
Лицензиар орган | |
Шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) Қазақстан Республикасының резиденті – аудиторлық ұйымды құрған кезде жоғарыда санамаланған біліктілік талаптарынан басқа, мынадай қосымша талап қойылады: | |||
12. | Шетелдік ұйым аудиторлық ұйым болып танылады | Резидентi болып табылатын елдiң кәсiби аудиторлық ұйымы немесе мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн нотариалды куәландырылған аудармасы бар аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы хаттың түпнұсқасы не лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесi | |
Халықаралық бухгалтерлер федерациясындағы шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын, кәсiби аудиторлық ұйымының мүшелігі туралы құжат |
Ескертпе:
* "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.