"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қаңтарда № 26680 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20201 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімшілік рәсім (мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі) - әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі өтініш жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет.

      2) арыз иесі (көрсетілетін қызметті алушы) - әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға өтініш берген адам, сондай-ақ оған қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);

      3) әкімшілік акті (мемлекеттік қызметкөрсету нәтижесі) - жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір адамның немесе жеке-дара айқындалған адамдар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;

      4) әкімшілік орган (көрсетілетін қызметті беруші) – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;

      5) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      6) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлғаға бір рет және өмір бойы берілетін он екі таңбалы цифрлық код;

      7) тіркеу куәлігі - берілген жеке сәйкестендіру нөмірінің болуын растайтын, қағаз тасымалдағыштағы құжат немесе электрондық құжат;

      8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, оның ішінде процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қызмет көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптардың тізбесі.

      9) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі - АКИ операторы) – берілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының оған жұмысын істеуі қамтамасыз ету міндеті жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.

      10) Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - КҚП АЖ) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің ведомстволық ақпараттық жүйесі;

      11) халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ХҚКО БАЖ) - Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

      12) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.

      13) құжаттың электрондық көшірмесі - электрондық цифрлық нысанда түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректер) толық бейнелейтін құжат;

      14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;

      15) цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді және өзге де қызметтерді іске асыру мақсатында электрондық құжаттар мен құжаттардың электрондық көшірмелерін жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.".

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (немесе оның заңды өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге, келген жері бойынша Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қоса бере отырып өтініш беру жолымен жүгінеді.

      Қазақстан Республикасы сотының үкімі бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктерің, азаматтығы жоқ адамдардың және реттелмеген мәртебесі бар адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған кезде мемлекеттік қызметті алу үшін негіздеме осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, оның ішінде процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қызмет көрсету нәтижесін қамтитын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшелігін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 3-қосымша нысанындағы "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері:

      1) онда көрсетілген мәліметтердің шынайылығына, сондай-ақ осы Қағидалардың 3-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкестігіне құжаттарды тексеруді;

      2) өтінімді ХҚКО БАЖ-да тіркеуді жүзеге асырады.

      мынадай мазмұндағы 11-1 тармақпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілін көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады."

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      20. Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      21. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіпте шағымданғаннан кейін жол беріледі.".

      3-қосымшада:

      Реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

      ",

      Реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат. Егер шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латынша нақтылау деректері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жері) болмаған жағдайда, құжаттың аудармасының тиісінше көшірмесін қоса беру қажет;
3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу;
2) шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшермесі. Егер шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латынша нақтылау деректері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жері) болмаған жағдайда, құжаттың аудармасының тиісінше көшірмесін қоса беру қажет;
3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

      ";

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 258 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Формирование индивидуального идентификационного номера иностранцам и лицам без гражданства, временно пребывающим в Республике Казахстан"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 января 2022 года № 22. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 января 2022 года № 26680

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 258 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Формирование индивидуального идентификационного номера иностранцам, временно пребывающим в Республике Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20201) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах оказания государственной услуги "Формирование индивидуального идентификационного номера иностранцам и лицам без гражданства, временно пребывающим в Республике Казахстан" утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) административная процедура (процедура оказания госуслуги) – это деятельность административного органа, должностного лица по рассмотрению административного дела, принятию и исполнению по нему решения, совершаемая на основании обращения или по собственной инициативе, а также деятельность, осуществляемая в порядке упрощенной административной процедуры;

      2) заявитель (услугополучатель) – лицо, подавшее обращение в административный орган, должностному лицу для осуществления административной процедуры, а также лицо, в отношении которого принимается административный акт, совершается административное действие (бездействие) (адресат административного акта);

      3) административный акт (результат оказания госуслуги) – решение, принимаемое административным органом, должностным лицом в публично-правовых отношениях, реализующее установленные законами Республики Казахстан права и обязанности определенного лица или индивидуально определенного круга лиц;

      4) административный орган (услугодатель) – государственный орган, орган местного самоуправления, государственное юридическое лицо, а также иная организация, которые в соответствии с законами Республики Казахстан наделены полномочиями по принятию административного акта, совершению административного действия (бездействия);

      5) единый контакт-центр – юридическое лицо, определенное Правительством Республики Казахстан, выполняющее функции информационно-справочной службы по предоставлению услугополучателям информации по вопросам оказания государственных услуг и иных услуг, а также государственным органам информации по вопросам оказания информационно-коммуникационных услуг;

      6) индивидуальный идентификационный номер (далее – ИИН) – двенадцатизначный цифровой код, присваиваемый физическому лицу один раз и пожизненно;

      7) регистрационное свидетельство – документ на бумажном носителе или электронный документ, подтверждающий наличие присвоенного индивидуального идентификационного номера;

      8) стандарт государственной услуги – перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги;

      9) оператор информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства" (далее – оператор ИКИ) – юридическое лицо, определяемое Правительством Республики Казахстан, на которое возложено обеспечение функционирования закрепленной за ним информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства";

      10) информационная система миграционной полиции (далее – ИС МП) – ведомственная информационная система Комитета миграционной службы Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      11) интегрированная информационная система центров обслуживания населения (далее – ИИС ЦОН) – информационная система, предназначенная для автоматизации процесса предоставления услуг населению (физическим и юридическим лицам) через Центры обслуживания населения Республики Казахстан;

      12) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz, (далее – портал) – информационная система, представляющая собой единое окно доступа ко всей консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, и к государственным услугам, услугам по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услугам субъектов квазигосударственного сектора, оказываемым в электронной форме;

      13) электронная копия документа – документ, полностью воспроизводящий вид и информацию (данные) подлинного документа в электронно-цифровой форме;

      14) электронная цифровая подпись (далее – ЭЦП ) – набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания;

      15) сервис цифровых документов – объект информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства", закрепленный за оператором и предназначенный для создания, хранения и использования электронных документов в целях реализации государственных функций и вытекающих из них государственных услуг, а также при взаимодействии с физическими и юридическими лицами, получении и оказании услуг в электронной форме.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Для получения государственной услуги физическое лицо (или его законный представитель) обращается к услугодателю через Государственную корпорацию по месту пребывания или через портал путем подачи заявления по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам с приложением документов.

      При отсутствии документов, удостоверяющих личность, у иностранцев, лиц без гражданства и лиц с неурегулированным статусом, осужденных по приговору суда Республики Казахстан к лишению свободы, основанием для получения государственной услуги является заявление согласно Приложению 2 к настоящим Правилам.

      Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги изложены в стандарте государственной услуги "Формирование индивидуального идентификационного номера иностранцам, и лицам без гражданства временно пребывающим в Республике Казахстан" в форме приложения 3 к настоящим Правилам.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "При обращении услугополучателя через Государственную корпорацию работник Госкорпорации осуществляет:

      1) проверку документов на достоверность указанных в них сведений, а также соответствие перечню, указанному в приложении 3 к настоящим Правилам;

      2) оформление заявки в ИИС ЦОН.";

      дополнить пунктом 11-1 следующего содержания:

      "Выдача готовых документов при обращении через Государственную корпорацию осуществляется в соответствии с графиком работы Государственной корпорации при предъявлении документов, удостоверяющих личность, либо электронный документ из сервиса цифровых документов, либо его представителя, действующего на основании документа, выданного в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан, в которой указываются соответствующие полномочия представителя."

      главу 3 изложить в следующей редакции:

      "17. Рассмотрение жалобы по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу).

      Жалоба подается услугодателю, должностному лицу, чьҰ решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Услугодатель, должностное лицо, чьҰ решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее трех рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом услугодатель, должностное лицо, чьҰ решение, действие (бездействие) обжалуется, вправе не направлять жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение трех рабочих дней примет благоприятный административный акт, совершит административное действие, полностью удовлетворяющее требованиям, указанным в жалобе."

      18. Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона подлежит рассмотрению в течение пяти рабочих дней со дня ее регистрации.

      19. Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      20. Жалоба на действие (бездействия) работников Государственной корпорации при оказании услуг через Государственной корпорацию подается на имя руководителя Государственной корпорации, либо в уполномоченный орган в сфере информатизации.

      21. Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке.".

      в приложении 3:

      строку, порядковый номер 4, изложить в следующей редакции:

      "

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (полностью автоматизированная) бумажная.

      ",

      строку, порядоковый номер 8, изложить в следующей редакции:

      "

8

Перечень документов необходимых для оказания государственной услуги

При обращении услугополучателя к услугодателю через Государственную корпорацию:
1) заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
2) документ удостоверяющий личность. В случае, если в документе, удостоверяющем личность иностранца, отсутствует написание установочных данных (фамилия, имя, отчество (при его наличии), место рождения) на кириллице или латинице, необходимо приложить соответствующую копию перевода документа;
3) нотариально удостоверенная доверенность, в случае обращения представителя услугополучателя;
При обращении через портал:
1) электронный запрос, удостоверенный электронной цифровой подписью представителя услугополучателя;
2) электронная копия документа, удостоверяющего личность иностранца. В случае, если в документе, удостоверяющем личность иностранца, отсутствует написание установочных данных (фамилия, имя, отчество (при его наличии), место рождения) на кириллице или латинице, необходимо приложить соответствующую копию перевода документа;
3) нотариально удостоверенная доверенность, в случае обращения представителя услугополучателя.

      ".

      2. Комитету миграционной службы Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан и Комитет миграционной службы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Кабденов М.Т.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Тургумбаев

      СОГЛАСОВАН
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан