ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.03.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 31.03.2022 № 346 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:
1) 2024 жылғы 15 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін сегіз жүз жиырма теңге;
2) 2025 жылғы 1 қаңтардан сегіз жүз жетпіс теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.07.2024 № 419 (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |