Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабының 6-тармағы 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
Д. Абаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2022 жылғы 1 наурыздағы № 62 бұйрығымен бекітілген |
Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабы 6-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, музейлер мен музей-қорықтарға (бұдан әрі – мәдениет ұйымдары) қатысты бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау тәртібін айқындайды.
2-тарау. Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау тәртібі
2. Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындаудың шарты мәдениет ұйымдарының жалпыға бірдей қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін төлемақының сомасы болып табылады.
3. Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Э ∆ = Р – С, онда:
Э ∆ – экономикалық әсер;
Р – қызмет бойынша шығыстар;
С – бюджеттік субсидиялар.
4. Қызмет бойынша шығыстар сомасы мәдениет ұйымдарымен жүргізілген шығыстарының жиынтығын жинақтау жолымен айқындалады.
5. Бюджеттік субсидиялар сомасы пайыздық арақатынаста, тиісті кезеңге (күнтізбелік жылға) бюджеттік өтінімді қалыптастыру жолымен айқындалады.
6. Егер мәдениет ұйымдарына жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін төлемақы сомасы олардың жоспарлы шығыстарынан асып түскен жағдайда, бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсері оң болып табылады.
7. Егер мәдениет ұйымдарына жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін төлемақы сомасы олардың жоспарлы шығыстарынан төмен болған жағдайда, бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсері теріс болып табылады.
8. Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсері мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қорынан салық түрінде қалыптастырылады.