БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Автокөлік құралдарының жол берілетін габариттік параметрлері мен басқа да сызықтық өлшемдері төменде келтірілген мәндерден (метрмен) аспауы тиіс:
1) жол берілетін ұзындығы:
жеке автокөлік құралдары:
М1, N және О (тіркеме) санатты 12,0;
М2 және М3 санаты 13,5;
біліктері екіден көп М2 және М3 санатты 15,0;
тіркемесі бар М2 және М3 санаты 18,75;
М2 және М3 санатты буындастырылған автобустар 18,75;
құрамында тартқыш пен тіркеме (жартылай тіркеме) бар автопойыздар 20,0;
2) жол берілетін ені:
барлық автокөлік құралдары 2,55;
автокөлік құралдарының изотермиялық шанақтары 2,6;
3) жол берілетін биіктігі:
барлық автокөлік құралдары 4,0.";
4-тармақ алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Автокөлік құралдарының жол берілетін салмақтары төменде келтірілген мәндерден (тоннамен) аспауы тиіс:
1) дара автокөлік құралдары:
М, N және О (тіркеме) санатты:
екі білікті 18,0;
үш білікті (М3 санатты буындастырылған автобустарды қоспағанда) 25,0;
үш білікті дара автокөлік құралдары үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда жүктемені 1 тоннаға асыруға жол беріледі;
М3 санатты буындастырылған автобустар 28,0;
төрт білікті, оның ішінде екі басқару білігі бар 32,0;
бес білікті 38,0;
алты және одан да астам білігі бар 44,0;
2) құрамында тартқыш пен тіркеме (жартылай тіркеме) бар автопойыздар:
үш білікті 28,0;
төрт білікті 36,0;
бес білікті 40,0;
алты білікті 44,0;
алты біліктен жоғары дара автокөлік құралдарына жол берілетін салмақтарының қосындысынан аспауы тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі