Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, Екінші деңгейдегі банктердің және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысаны мен мерзімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 наурызда № 27305 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтер нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 29 наурыздағы
№ 323 бұйрығына 1-қосымша

Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары

      Жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарты 1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 (үш) айдың әрқайсысының ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 29 наурыздағы
№ 323 бұйрығына 2-қосымша

Екінші деңгейдегі банктердің және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 24-бабы 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – Банктер мен ұйымдар) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша, Салық кодексінің 24-бабы 23) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғалар бойынша мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынудың тәртібі мен мерзімін айқындайды.

2-тарау. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімі

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей есепті жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Салық кодексінің 24-бабы 23) тармақшасының бірінші бөлігіне сәйкес мынадай жеке тұлғалар:

      жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайы (зайыбы);

      мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайы (зайыбы);

      мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар бойынша тізімді қалыптастырады.

      3. Комитет осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың тізімін қалыптастырған сәттен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мәліметтерді ұсыну туралы жеке сәйкестендіру нөмірлерінің тізімін Microsoft Excel форматында Банктер мен ұйымдарға rnn-banks@kgd.minfin.kz электрондық жіберілімге сұрау салуды жібереді.

      4. Банктер мен ұйымдар сұрау салуды алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Мәліметтерді осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Комитеттің электрондық мекенжайына Комитетке svedeniya_banks@kgd.minfin.gov.kz Microsoft Excel форматында шифрланған түрде жібереді.

      5. Комитет, Банктер және ұйымдар Мәліметтерді алған кезде Қазақстан Республикасының салық және банк құпиясын құрайтын және өзге де заңмен қорғалатын ақпаратты жария етпеу, оның жария етілуіне жол бермеу туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 29 наурыздағы
№ 323 бұйрығына 3-қосымша
  нысан

________ жылғы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтер

Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі

1

2



      ____________________________________________________________________
нысанды жасауға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы _____________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы

  "Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтер" нысанына
  қосымша

"_______ жылғы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      "Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтер" нысаны мынадай үлгіде толтырылады:

      1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) нысанның 2-бағанында банктік шотында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар жүргізілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

Об утверждении критериев отнесения операций, проводимых на банковских счетах физических лиц, к операциям, имеющим признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности, Правил, формы и срока представления банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, сведений по операциям, проводимым на банковских счетах физических лиц, отнесенным к операциям, имеющим признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 марта 2022 года № 323. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 марта 2022 года № 27305

      В соответствии с подпунктом 23) статьи 24 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) критерии отнесения операций, проводимых на банковских счетах физических лиц, к операциям, имеющим признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Правила и срок представления банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, сведений по операциям, проводимым на банковских счетах физических лиц, отнесенным к операциям, имеющим признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности, согласно приложению 2 к настоящему приказу;

      3) форму сведений по операциям, проводимым на банковских счетах физических лиц, отнесенным к операциям, имеющим признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности, согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

      "СОГЛАСОВАН"
Национальный Банк
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
от 29 марта 2022 года № 323

Критерии отнесения операций, проводимых на банковских счетах физических лиц, к операциям, имеющим признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности

      Критерием отнесения операций, проводимых на банковских счетах физических лиц, к операциям, имеющим признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности, является получение 1 (одним) физическим лицом в течение каждого из 3 (трех) последовательных календарных месяцев от 100 (ста) и более разных лиц денежных средств на банковский счет, не предназначенный для осуществления предпринимательской деятельности.

  Приложение 2 к приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
от 29 марта 2022 года № 323

Правила и срок представления банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, сведений по операциям, проводимым на банковских счетах физических лиц, отнесенным к операциям, имеющим признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и срок предоставления банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, сведений по операциям, проводимым на банковских счетах физических лиц, отнесенным к операциям, имеющим признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 23) статьи 24 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Налоговый кодекс) определяют порядок и срок предоставления банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций (далее – Банки и организации) сведений по физическим лицам, указанным в подпункте 23) статьи 24 Налогового кодекса, по операциям, проводимым на банковских счетах физических лиц, отнесенным к операциям, имеющим признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности, по форме согласно приложению 3 к настоящему приказу (далее – Сведения).

Глава 2. Порядок и срок представления Сведений по операциям, проводимым на банковских счетах физических лиц, отнесенным к операциям, имеющим признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности

      2. Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (далее – Комитет) в срок не позднее 15 января года, следующего за отчетным годом, формирует по состоянию на 31 декабря отчетного года список в соответствии с частью первой подпункта 23) статьи 24 Налогового кодекса по следующим физическим лицам:

      лицам, занимающим ответственную государственную должность, и их супругам;

      лицам, уполномоченным на выполнение государственных функций, и их супругам;

      лицам, приравненным к лицам, уполномоченным на выполнение государственных функций, и их супругам;

      лицам, на которых возложена обязанность по представлению декларации в соответствии с Конституционным законом Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан" и законами Республики Казахстан "О противодействии коррупции", "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", "О страховой деятельности", "О рынке ценных бумаг".

      3. Комитет в течение 2 (двух) календарных дней с момента формирования списка физических лиц, указанных в пункте 2 настоящих Правил, направляет запрос в Банки и организации на электронную рассылку rnn-banks@kgd.minfin.kz в формате Microsoft Excel со списком индивидуальных идентификационных номеров о представлении Сведений по форме согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      4. Банки и организации в течение 30 (тридцати) рабочих дней со дня получения запроса передают Сведения согласно приложению 3 к настоящему приказу в Комитет на электронный адрес Комитета svedeniya_banks@kgd.minfin.gov.kz в формате Microsoft Excel в зашифрованном виде.

      5. Комитет, Банки и организации при получении Сведений обеспечивают соблюдение требований законодательства Республики Казахстан о неразглашении, недопущении утечки информации, составляющей налоговую, банковскую и иную охраняемую законом тайну.


  Приложение 3 к приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
от 29 марта 2022 года № 323
  форма

Сведения по операциям, проводимым на банковских счетах физических лиц, отнесенным к операциям, имеющим признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности за ________ год

Индивидуальный идентификационный номер физического лица

1

2



      _______________________________________________________________________
      (фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица, ответственного за составление
      формы, подпись)
      _____________________________________________________________
      (фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя, подпись)


  Приложение
к форме "Сведения по
операциям, проводимым на
банковских счетах физических
лиц, отнесенным к операциям,
имеющим признаки получения
дохода от осуществления
предпринимательской
деятельности"

Пояснение по заполнению формы "Сведения по операциям, проводимым на банковских счетах физических лиц, отнесенным к операциям, имеющим признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности за ________ год"

      Форма "Сведения по операциям, проводимым на банковских счетах физических лиц, отнесенным к операциям, имеющим признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности" заполняется следующим образом:

      1) в графе 1 формы указывается порядковый номер;

      2) в графе 2 формы указывается индивидуальный идентификационный номер физического лица, на банковском счете которого проведены операции, имеющие признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности.