"Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 398 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 сәуірде № 27541 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10801 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 201-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 201-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүліктің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізу тәртібін анықтайды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қосымша кіші бөлімде мемлекеттік міндеттерді шешу үшін қажетті әр түрлі серпінді көрсеткіштер қамтылады:

      1) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлік туралы мәліметтер;

      2) бекітіліп берілмейтін есепке алу объектілері туралы мәліметтер;

      3) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарлары, даму жоспарлары, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау және олардың орындалуы туралы есептер;

      4) квазимелекеттік сектор субъектілері және олардың кеңістіктік (географиялық) деректері туралы мәліметтер;

      5) мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды басқару тиімділігінің мониторинг нәтижелері;

      6) мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау бойынша, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарға қажеттігі туралы, мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың аландары, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен қамтамасыз ету бойынша ақпарат;

      7) мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру үшін ұсынылатын есепке алынатын объектілер туралы мәліметтер;

      8) жасалған мүліктік жалдау (жалға алу) және сенімгерлік басқару шарттары бойынша, атап айтқанда шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтер;

      9) мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар;

      10) жасалған концессия шарттары және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мәліметтер;

      11) республикалық және коммуналдық мүлікке жататын мүлікке құқықты мемлекеттің алуы бойынша жасалған сыйға тарту шарттары жөнінде мәліметтер;

      12) мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерін жасалған жалға алу шарттары жөнінде мәліметтер;

      13) Ресей Федерациясына мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген "Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасының мүлкі бойынша мәліметтер;

      14) жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүлік құрамына түскен мүлік бойынша мәліметтер (дереу жоюға немесе сатуға жататын мүлікті қоспағанда);

      15) кәсіпкерлік ортада мемлекеттің қатысуы орындылығын анықтау мақсатында ұйымдар және мемлекеттік кәсіпорындар бойынша тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері туралы мәліметтер;

      15-1) мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар бөлінісінде сыртқы және ішкі қарыз алу құрылымы туралы мәліметтер;

      16) мемлекеттік заңды тұлғалар мен ұйымдардың жылдық қаржылық есептілігі;

      17) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру шарттары жөнінде мәліметтер;

      18) аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу шарттары жөнінде мәліметтер;

      19) бастапқы су пайдалану жасалған шарттар жөнінде мәліметтер;

      20) жер пайдалану шарттары жөнінде мәліметтер.";

      36-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) ұйымдардың және мемлекеттік кәсіпорындардың іс-шаралар жоспарлары мен даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарау қолжетімді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитеті
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 207 "Об утверждении Правил ведения реестра государственного имущества"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 12 апреля 2022 года № 398. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 апреля 2022 года № 27541

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 207 "Об утверждении Правил ведения реестра государственного имущества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10801) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 4 статьи 201 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      В Правилах ведения реестра государственного имущества, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила ведения реестра государственного имущества (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 201 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" (далее – Закон) и определяют порядок ведения реестра государственного имущества (далее – реестр).";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. В дополнительном подразделе содержатся различные динамические показатели, необходимые для решения государственных задач:

      1) сведения о государственном имуществе, закрепленном за государственными юридическими лицами, их филиалами и представительствами;

      2) сведения о не закрепляемых объектах учета;

      3) планы развития национальных управляющих холдингов, национальных холдингов и национальных компаний, планы мероприятий, планы развития государственных предприятий, контролируемых государством акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, в том числе национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, акционером которых является государство, а также, мониторинг и оценка их реализации и отчеты об их исполнении;

      4) сведения о субъектах квазигосударственного сектора и их пространственных (географических) данных;

      5) результаты мониторинга эффективности управления государственным имуществом, в том числе государственными предприятиями и юридическими лицами с участием государства;

      6) информация по инвентаризации, паспортизации и переоценке имущества, закрепленного за государственными юридическими лицами, в том числе о потребности государственных юридических лиц в площадях, по занимаемым площадям зданий или помещений государственными юридическими лицами, а также по оснащенности государственных юридических лиц автомобилями;

      7) сведения об объектах учета, предлагаемых для передачи в имущественный наем (аренду) или доверительное управление;

      8) сведения по заключенным договорам имущественного найма (аренды) и доверительного управления, в частности по условиям договора, начислениям по такому договору, пене и перечисленным платежам в бюджет;

      9) информация и материалы о государственном имуществе, включенном в график выставления на торги объектов государственной собственности;

      10) сведения по заключенным договорам концессии и договорам государственного частного партнерства;

      11) сведения по заключенным договорам дарения по приобретению государством прав на имущество, относящимся к республиканскому и коммунальному имуществу;

      12) сведения по заключенным договорам найма объектов государственного жилищного фонда;

      13) сведения по имуществу Республики Казахстан на комплексе "Байконур", переданному в имущественный наем (аренду) Российской Федерации;

      14) сведения по имуществу, поступившему в состав государственного имущества по отдельным основаниям (за исключением имущества подлежащего немедленному уничтожению или реализации);

      15) сведения о результатах анализа состояния конкуренции на товарных рынках по организациям и государственным предприятиям, с целью установления целесообразности присутствия государства в предпринимательской среде;

      15-1) Сведения о структуре внешнего и внутреннего заимствования в разрезе государственных предприятий, контролируемых государством акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, в том числе национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, акционером которых является государство;

      16) годовая финансовая отчетность государственных юридических лиц и организаций;

      17) сведения по договорам приватизации жилища из государственного жилищного фонда;

      18) сведения по договорам на ведение охотничьего или рыбного хозяйства;

      19) сведения по заключенным договорам первичного водопользования; 

      20) сведения по договорам землепользования.";

      подпункт 7) пункта 36 изложить в следующей редакции:

      "7) просмотр планов мероприятий, планов развития организаций и государственных предприятий и отчетов об их исполнении.".

      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных в подпунктах 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
- Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство юстиции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите
и развитию конкуренции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Счетный комитет по контролю
за исполнением республиканского бюджета

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан