БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әскери қызметшіге белгіленген мерзімдерден бұрын ақшалай ризық төлеуге оның баянатының негізінде мынадай жағдайларда жол беріледі:
1) демалысқа (жүктілікке және бала тууына және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысты қоспағанда), оқуға, қызметтік іссапарға кеткенде – ағымдағы ай үшін;
2) жаңа қызмет орнына қоныс аударғанда – ағымдағы ай үшін.";
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің лауазымдық айлықақысының мөлшерін айқындау үшін әскери бөлімде (республикалық мемлекеттік мекемеде) лауазымдық айлықақыны белгілеуге құқық беретін қызмет өтілін есептеу жөнінде комиссиялар құрылады. Әскери бөлімдегі (республикалық мемлекеттік мекемедегі) комиссияның құрамына қаржы, заң, кадр бөлімшелерінің лауазымды адамдары (кадр бөлімшесі болмаған жағдайда – жеке құрамның есебін жүргізетін адамдар) енгізіледі.
Азаматтар әскери қызметке кірген кезде 15 жұмыс күні ішінде, сондай-ақ жыл сайын 20 қаңтарға дейін 1 қаңтардағы жағдай бойынша барлық әскери қызметшілердің өтілін белгілеу үшін комиссия отырысы шақырылады. Комиссияның қызмет өтілін есептеу туралы шешімі отырыстан кейін 3 жұмыс күні ішінде комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді екі данада жасалады (бір данасы – кадр қызметіне, екіншісі – қаржы қызметіне).";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген әскери қызметшіге әскери атағы бойынша айлықақы әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) жеке құрамының тізімдеріне енгізу туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленеді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген офицерге әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) жеке құрамының тізімдеріне енгізу туралы бұйрық шыққан күннен бастап істер мен лауазымды қабылдағанға дейін лауазымдық айлықақысы взвод командирінің лауазымы бойынша төленеді.";
17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген әскери қызметшіге әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) жеке құрамының тізімдеріне енгізу туралы командирдің (басшының) бұйрығы шыққан күннен бастап – еңбекақы төлеу жүйесінде белгіленген лауазымның I санаты бойынша лауазымдық айлықақы.";
19-тармақ алып тасталсын;
24-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әскери оқу орнына қабылданар алдында әскери бөлімде (республикалық мемлекеттік мекемеде) әскери лауазымды атқарған адамға (үлгермеуі және тәртіпсіздігі үшін шығарылған мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) оқуға қабылданғанға дейін ол әскери бөлімде (республикалық мемлекеттік мекемеде) атқарған соңғы штаттық әскери лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы;";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Осы әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам бос лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеген әскери қызметшіге істер мен лауазымды қабылдағаны туралы бұйрық шыққан күннен бастап, ол міндеттерін уақытша атқаруға жіберілген әскери лауазым бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.";
31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Әскери қызметшінің әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша емделуде болған немесе науқастануы бойынша демалыста болған барлық кезеңі үшін ақшалай ризығы сақталады.
32. Еңбек демалысының барлық түрлерінде болу мезгіліне (жүктілік және босану бойынша еңбек демалысында болуды, үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша еңбек демалысында болуды қоспағанда) әскери қызметшінің ақшалай ризығы сақталады.";
36, 37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Сыныптық біліктілігі үшін үстемеақыны қоспағанда, ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа әскери қызметшіге командирдің бұйрығы негізінде істер мен лауазымды қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленеді.
37. Сыныптық біліктілігі үшін үстемеақыны қоспағанда, әскери қызметшіге ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы төлеу лауазымынан босатылған күннен немесе үстемеақы төлеу белгіленбеген әскери лауазым міндеттерін уақытша атқаруға кіріскен күннен бастап тоқтатылады.";
38. Әскери лауазымы бойынша "Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбп қаулысымен белгіленген үстемеақыларды алуға құқығы бар, қызмет орны бойынша лауазымы сақтала отырып, әскери бөлімнен (республикалық мемлекеттік мекемеден) және бөлімшеден уақытша кеткен әскери қызметшіге үстемеақылар төлеу сақталады.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Әскери қызметшіге үстемеақы сыныптық біліктілік берілген (расталған, төмендетілген) күннен бастап төленеді.
Бір мамандық бойынша сыныптық біліктілігі бар, ол бойынша сыныптық біліктілік берілетін басқа әскери-есептік мамандықтың әскери лауазымына тағайындалған әскери қызметшіге күнтізбелік жылдың соңына дейін үстемеақы төлеу сақталады.";
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Үстемеақылар төлеу әскери бөлім командирінің (республикалық мемлекеттік мекеме басшысының) бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Бұйрықта мыналар көрсетіледі:
1) лауазымы;
2) әскери атағы;
3) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);
4) рұқсатнама нысаны, рұқсатнама карточкасында көрсетілген мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсатнама нөмірі, күні;
5) ерекше маңызды, өте құпия және құпия мәліметтерге рұқсатнамаға ресімделуге жататын жұмыскерлер лауазымдарының номенклатурасында бекітілген рұқсатнама нысаны;
6) мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы келісімшарт нөмірі және күні;
7) белгіленетін ай сайынғы үстемеақы мөлшері процентпен.
Командирге (басшыға) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін үстемеақы жоғары тұрған командирдің (басшының) бұйрығымен белгіленеді. Оны дайындау үшін жоғары тұрған басқару органына жоғарыда көрсетілген мәліметтер ұсынылады.
Бұйрық әскери басқару органы (әскери бөлім, республикалық мемлекеттік мекеме) әскери қызметшіні қабылдаған, мемлекеттік құпияларға рұқсатнама нысаны, нөмірі мен күні және штаттар өзгертілген кезде шығарылады. Бір жыл ішінде әскери бөлімнің (республикалық мемлекеттік мекеменің) лауазымды адамын қабылдау және шығару кезінде үстемеақы төлеу мәселелері командирдің (басшының) бұйрығында (саптық бөлім бойынша) көрсетіледі.
Бұйрық жобасы мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелермен, ал штат бойынша олар көзделмесе – құпия іс жүргізу бөлімшелерімен келісу бойынша әзірленеді.";
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Шифрлау жұмысы үшін лауазымдық айлықақыға ай сайынғы үстемеақы мемлекеттік шифрлау құралдарымен, оларға теңестірілген құжаттармен және материалдармен (шифрларды есепке алу және сақтау, шифрлау техникасын пайдалану және жөндеу, құжатталған ақпаратты шифрлау-шифрын ашу, шифрлау қызметінің кадрларын оқыту) жұмыс істеумен тікелей айналысатын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері шифрлау қызметінің органдарында штаттық лауазымда тұрған әскери қызметшіге, сондай-ақ резервтегі шифрлау жұмыскерлеріне белгіленеді. Үстемеақы шифрлау қызметі органдарында шифрлау жұмысымен тікелей айналысатын және құпия іс жүргізу бөлімшесінің бастығы штаттық лауазымын атқаратын адамға да төленеді. Әскери оқу орындары мен оқу бөлімшелерінде үстемеақы шифрлау қызметінің магистранттарын (докторанттарын) және курсанттарын тікелей оқытатын адамға, сондай-ақ оқу процесін қамтамасыз ететін адамға (оқу бөлімшесінің, негізгі құжаттама тобының, құпия іс жүргізу бөлімшесінің бастығы, нұсқаушы, зертханашы, техник және шифрлау техникасын жөндеу жөніндегі шебер) төленеді.
Қолмен кодтау құжаттарымен жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбейді.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Әскери қызметші әскери оқу орнын бітіргеннен кейін жыл сайынғы негізгі демалысқа кеткен кезде оған сауықтыруға арналған жәрдемақыны әскери оқу орны төлейді.
Шетелдік әскери оқу орнын бітірушіге сауықтыруға арналған жәрдемақыны одан әрі әскери қызмет өткеру үшін келген әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) төлейді.";
69-тармақ алып тасталсын;
71, 72 және 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"71. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабымен белгіленген тәртіппен және мөлшерде көтерме жәрдемақы мынадай әскери қызметшіге төленеді:
1) лауазымға тағайындалуына байланысты қоныс аударған және әскери қызметке алғаш шақырылған адамға, оның ішінде қарамағында болған орнымен жаңа қызмет орны арасындағы қашықтық 100 шақырымнан кем, бірақ қарамағында болғанға дейін жаңа қызмет орны мен қызмет орны арасындағы қашықтық 100 шақырымнан асатын, келісімшарт бойынша ерікті түрде әскери қызметке кіру жағдайларынан басқа, әскери бөлім командирінің (республикалық мемлекеттік мекеме басшысының) іс пен лауазымды қабылдау туралы бұйрығының негізінде;
2) әскери қызметші іссапарға жіберілген әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) іссапарға жіберуге байланысты қоныс аударған;
3) егер өкімде болу мерзімі 2 айдан асатын болса, соңғы атқарған лауазымы бойынша командирдің (басшының) бұйрығы негізінде жаңа қызмет орны бойынша өкімге қабылдануына байланысты қоныс аударған;
4) командирдің (басшының) орналасу орнына келу туралы бұйрығы негізінде әскери бөлімнің (республикалық мемлекеттік мекеменің) немесе бөлімшенің тұрақты орналасу орнының өзгеруіне байланысты қоныс аударған;
5) осы әскери оқу орны тиісті бастықтың қабылдау туралы бұйрығы негізінде әскери оқу орнына оқуға қабылданған;
6) әскери қызмет көзделген бір мемлекеттік органнан басқасына ауысуына байланысты қоныс аударған;
7) соңғы атқарған лауазымы бойынша ол өкімде тұрған әскери оқу орны шетелдік әскери оқу орнына оқуға қабылданған және оқуға (адъюнкт болып) түскен;
8) соңғы атқарған лауазымы бойынша ол ауысып келген мекеме Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабына ауысуына байланысты қоныс аударған.
Бұл ретте, көтерме жәрдемақыны төлеу тиісті командирлердің (басшылардың) жоғарыда аталған бұйрықтарында көтерме жәрдемақы сомасы көрсетіле отырып ескеріледі.
72. Әскери бөлімге (республикалық мемлекеттік мекемеге) лауазымға тағайындалған және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің басқа пунктке қоныс аудару туралы бұйрығын алғаннан кейін осы әскери бөлімге (республикалық мемлекеттік мекемеге) келген әскери қызметшіге көтерме жәрдемақы жаңа тұрақты орналасу пунктіне келгеннен кейін бір рет төленеді.
73. Жаңадан құрылған әскери бөлімге (республикалық мемлекеттік мекемеге) тағайындалған және бөлімнің уақытша орналасу пунктіне жаңа қызмет орнына келген, одан кейін оның тұрақты орналасу пунктіне қоныс аударған әскери қызметшіге көтерме жәрдемақы тұрақты орналасу пунктіне келгеннен кейін бір рет төленеді.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Әскери қызметшіге біржолғы жәрдемақыны қызметтен шығарылғанмен түпкілікті есеп айырысқан және оған қызметтен шығару туралы құжаттар берілген кезде әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) төлейді.";
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Экологиялық зілзала аймағында тұрғаны үшін қосымша ақылар әскери қызметшіге экологиялық зілзала аймағында орналасқан әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) жеке құрамының тізімдеріне қабылданған күннен бастап төленеді.
Әскери қызметшіге қосымша ақы төлеу әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) жеке құрамының тізімдерінен шығарылған күннен бастап тоқтатылады.";
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"85. Әскери қызметші қайтыс болған жағдайда ақшалай өтемақы ол әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) жеке құрамының тізімдерінен шығарылған күнге дейін төленеді.";
89-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметшіге, әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) жеке құрамының тізімдерінен шығарылған күнге дейін, бірақ әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) қызметтен шығару туралы бұйрықты немесе жазбаша хабарламаны алған күннен бастап бір айдан артық емес;";
91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"91. Қызметтен шығарылатын әскери қызметшіге ол істер мен лауазымын тапсырғанға дейін берілген жыл сайынғы негізгі демалыс уақыты үшін ақшалай ризық әскери бөлім командирінің (республикалық мемлекеттік мекеме басшысының) жыл сайынғы негізгі демалыс беру және оның ұзақтығы туралы бұйрығы негізінде демалыс аяқталған күнді қоса алғанда төленеді.
Әскери қызметшіге қызметтен шығарылған кезде істер мен лауазымын тапсырғаннан кейін берілген жыл сайынғы негізгі демалыс уақыты үшін, оның ішінде белгіленген мерзімнен астам өкімде тұруына байланысты ақшалай қамтылымды төлеу уақытша тоқтатылған әскери қызметшіге төлемдер соңғы әскери лауазымы бойынша айлықақы, әскери атағы бойынша айлықақы есебінен жүргізіледі. Осы жыл сайынғы негізгі демалыс уақыты үшін үстемеақылар мен қосымша төлемдер төленбейді.";
97-5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өңірлік қолбасшылық әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшысына, әскер түрінің бас қолбасшысына және бас басқарма бастығына тікелей бағынысты әскери бөлім командиріне (республикалық мемлекеттік мекеме басшысына) сыйлықақы беру әскер түрі бас қолбасшысының және бас басқарма бастығының тиісті бұйрығы негізінде жүргізіледі;";
97-9-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) зейнеткерлікке шыққан кезде – екі базалық лауазымдық айлықақыдан артық емес мөлшерде жүзеге асырылады.";
97-13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"97-13. Комиссия отырысының хаттамасы бар болған кезде материалдық көмекті төлеу:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының әскери қызметшісіне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскер түрінің бас қолбасшысына, бас басқарма бастығына, республикалық мемлекеттік мекеме басшысына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне және Қарулы Күштері Бас штабының бастығына тікелей бағынысты әскери бөлімнің командиріне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тиісті бұйрықтары негізінде;
3) өңірлік қолбасшылық әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшысына, әскер түрінің бас қолбасшысына және бас басқарма бастығына тікелей бағынысты әскери бөлімнің командиріне (республикалық мемлекеттік мекеме басшысына) әскер түрлері бас қолбасшысының және бас басқарма бастығының тиісті бұйрықтары негізінде;
4) республикалық мемлекеттік мекеменің басшысына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшысына тікелей бағынысты әскери бөлімнің командиріне өңірлік қолбасшылық әскерлері, әскер тектері қолбасшысының тиісті бұйрықтары негізінде;
5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында атап көрсетілмеген әскери қызметшілерге республикалық мемлекеттік мекеме басшыларының, әскери бөлім командирлерінің бұйрықтары негізінде жүргізіледі.";
5-тарау алып тасталсын;
қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |