"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 37/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 130/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 сәуірде № 27788 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 37/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18523 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесінде:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Есептеу операцияларын орындау және деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер (цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым ұсынатын деректерді өңдеу орталықтарын (Data-орталықтарды) қоспағанда).";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген меншікті өндірістің өлшемшарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Ұлттық
экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2022 жылғы 19 сәуірдегі
№ 130/НҚ Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2019 жылғы 11 сәуірдегі
№ 37/НҚ бұйрығына
2-қосымша

Меншікті тауарлар өндірісінің өлшемшарттары

      1. Осы меншікті өндірістің өлшемшарттары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 293-бабының 4-3 тармағына сәйкес әзірленген және "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың меншікті тауарлар өндірісінің өлшемшарттарын белгілейді.

      2. Меншікті өндірістің өлшемшарттары мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) бекітілген Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларға сәйкес "СТ-КZ" нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификаттың бар болуы.

      2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағының 13) тармақшасына сәйкес индустриялық сертификаттың бар болуы.

      3. Осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген өлшемшарттарының бірінің болуы меншікті өндірісті айқындау үшін жеткілікті болып табылады.

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 11 апреля 2019 года № 37/НҚ "Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности в области информационно-коммуникационных технологий и критериев собственного производства"

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 19 апреля 2022 года № 130/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 апреля 2022 года № 27788

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 11 апреля 2019 года №37/НҚ "Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности в области информационно-коммуникационных технологий и критериев собственного производства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18523) следующие изменения:

      в Перечне приоритетных видов деятельности в области информационно-коммуникационных технологий, утвержденном указанным приказом:

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Услуги по обеспечению комплексной вычислительной инфраструктурой для выполнения вычислительных операций и обработки данных (за исключением центров обработки данных (Data-центров), предоставляющих инфраструктуру лицам, осуществляющим деятельность по цифровому майнингу).";

      Критерии собственного производства, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту развития информационных и информационно-коммуникационных технологий Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Б. Мусин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министра цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 19 апреля 2022 года № 130/НҚ
  Приложение 2 к приказу
Министра цифрового развития,
оборонной и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 11 апреля 2019 года № 37/НҚ

Критерии собственного производства

      1. Настоящие критерии собственного производства разработаны в соответствии с пунктом 4-3 статьи 293 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" и устанавливают критерии собственного производства товаров участников Международного технологического парка "Астана Хаб".

      2. Критериями собственного производства товаров являются:

      1) наличие сертификата о происхождении товара формы "СТ-КZ", в соответствии Правилами по определению страны происхождения товара, статуса товара Евразийского экономического союза или иностранного товара, выдаче сертификата о происхождении товара и отмене его действия, утвержденными приказом Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 13 июля 2021 года № 454-НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 23514);

      2) наличие индустриального сертификата в соответствии с подпунктом 13) пункта 4 статьи 21 Закона Республики Казахстан "О Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан.

      3. Наличие одного из критериев, указанных в пункте 2 настоящего Приложения, является достаточным для определения собственного производства.