БҰЙЫРАМЫН:
1. "Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 143/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19015 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне (бұдан әрі – ҚЭН) сараптама (бұдан әрі – сараптама) жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне қорытынды – бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерінің әкімшілері ұсынған жобаның мақсаттылығына, пайдаланылатын техникалық шешімдердің оңтайлығына, "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы және мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының қорытындылары негізінде жүргізілетін ақпараттық қамтамасыз ету нысанына ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның кешендік бағасы;
2) ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы инвестициялық ұсыныстарға қорытынды – инвестициялық ұсыныстардың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері ұсынған жобаның мақсаттылығына, пайдаланылатын техникалық шешімдердің оңтайлығына, "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы және мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының қорытындылары негізінде жүргізілетін ақпараттық қамтамасыз ету нысанына ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның кешендік бағасы;
3) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныс (бұдан әрі – инвестициялық ұсыныс) – ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған инвестициялық ұсыныс;
4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
5) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;
6) "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы – "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктiң" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Инвестициялық ұсыныстың құжаттарын өткізу және сараптамасын жүргізу, бюджеттік инвестицияның ҚЭН электрондық құжаттар нысанындағы "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы (бұдан әрі – архитектуралық портал) арқылы жүзеге асырылады.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 2-тармағында көрсетілген түзетілген техникалық-экономикалық негіздемелер бойынша ақпараттандыру саласындағы сараптама бюджеттік инвестицияның ҚЭН үшін көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Инвестициялық ұсынысты уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Инвестициялық ұсынысты сервистік интегратор және мемлекеттік техникалық қызмет алған күннен бастап он екі жұмыс күні ішінде сараптама жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Сервистік интегратор инвестициялық ұсыныстар сараптамаға қайта келіп түскен кезде сараптаманы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес өтеусіз негізде жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Мемлекеттік техникалық қызмет инвестициялық ұсыныстар сараптамаға қайта келіп түскен кезде сараптаманы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес өтеусіз негізде жүргізеді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-інде ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қорытындылар, құжаттардың толық пакеті келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Сервистік интегратор және мемлекеттік техникалық қызмет бюджеттік инвестициялар ҚЭН-і жобасын алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде оған сараптама жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Сервистік интегратор және мемлекеттік техникалық қызмет бюджеттік инвестициялар ҚЭН-і жобасы сараптамаға қайта келіп түскен кезде сараптаманы осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзімде, өтеусіз негізде жүргізеді.".
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |