БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21914 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.";
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 39-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және монополияға қарсы органның және оның аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг (бұдан әрі – Мониторинг) жүргізу тәртібін айқындайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу тәртібі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тауар нарықтарындағы ағымдағы баға жағдайын талдау алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда және жылдың басынан есепті кезеңдегі бағалардың өзгеруін, бағалардың өзгеру себептері мен факторларын және бағалардың өзгеруін сипаттайтын өзге де ақпаратты зерделеу жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуын (болмауын) айқындау жолымен жүргізіледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тауар нарықтарындағы ағымдағы баға жағдайын талдау нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері талдамалық анықтама дайындайды, ол өңірдегі тауар нарықтарындағы ахуалдың сипаттамасын білдіреді және мыналарды: өңірдегі баға серпінін, бәсекелестікті қорғау саласындағы Кодекстің талаптарын бұзушылық белгілері туралы ақпаратты.".
2. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | С. Жумангарин |