Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 15.11.2023 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көлік саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 15.11.2023 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қаржы және бюджетті жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 232 бұйрығымен бекітілген |
Көлік саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 15.11.2023 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Көлік саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық бюджеттен қаржыланатын зерттеулер жүргізудің, консалтингтік қызметтер көрсетудің және мемлекеттік тапсырманы орындаудың құнын айқындау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) зерттеулер – аналитикалық тәсілдер негізінде экономиканың нақты сегментінде мемлекеттік саясатты іске асыруға және мемлекеттік міндеттерді шешу үшін ұсыныстар дайындауға бағытталған зерттеулер;
2) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – көлік саласында қызметінің тиімділігін бағалауды әдіснамалық, талдамалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер;
3) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, "Елбасы Aкадемиясы" корпоративтік қорына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған;
4) орындаушы – көлік саласындағы зерттеу, консалтингтік көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік тапсырма орындайтын заңды тұлға.
2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
3. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау кезінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес орындаушының көрсетілетін қызметтер құнының есебінде көрсетілген, негіздейтін құжаттармен расталған тікелей және жанама шығыстары ескеріледі.
4. Орындаушының тікелей шығындарына жүргізілетін зерттеулермен, көрсетілетін консалтингтік қызметтермен және орындалатын мемлекеттік тапсырмамен тікелей байланысты шығындар жатады.
Жанама шығындарға орындаушының тұтастай қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ зерттеулер жүргізу, консалтингтік қызметтер көрсету және мемлекеттік тапсырма орындау үдерісінде тікелей қолданылмайтын шығындар жатады.
5. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Рбарлығы = Рт + Рж
мұнда,
Рбарлығы – зерттеулер жүргізуге, консалтингтік қызметтер көрсетуге және мемлекеттік тапсырма орындауға арналған шығындар;
Рт – тікелей шығындар;
Рж – жанама шығындар.
3-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындауға арналған шығындар түрлері
6. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету және мемлекеттік тапсырманы орындау үшін бюджеттік өтінім қалыптастыруда шығындардың әрбір бабы негіздеме құжаттармен (орындаушының штаттық кестесі, есептер, шарттар көшірмесі, кемінде үш баға ұсыныстары) расталады.
7. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету және мемлекеттік тапсырманы орындау үшін қажетті тауарлардың құнын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталынан орташа баға пайдаланылады.
Көлік саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларына | |
қосымша |
Көрсетілетін қызметтер құнының есебі
________________________________________________________________
(көрсетілетін қызмет орындаушысының атауы)
________________________________________________________________
20___ жылға арналған (зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің,
мемлекеттік тапсырманың атауы)
Бюджеттік бағдарламаның, бюджеттік кіші бағдарламаның атауы
________________________________________________________________
Шығындар баптары | Қаржыландыру көлемі, мың теңге |
Тікелей шығындар | |
Еңбекақы төлеу қоры | 0 |
зерттеуді тікелей жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін, мемлекеттік тапсырманы орындайтын персоналдың (штаттық және штаттан тыс) еңбегіне ақы төлеу | |
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер | 0 |
Іссапар шығындары (зерттеуді тікелей жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін, мемлекеттік тапсырманы орындайтын қызметкерлердің, сондай-ақ шақырылған тұлғалардың) | 0 |
Жол жүру | |
Тұру | |
Тәулiкақы | |
Жанар-жағармай материалдары | |
Іске асыру шығындары | 0 |
Қосалқы мердігерлік жұмыстар (шығындар жиынтығында орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің екінші бір көлемінен аспауы тиіс) | |
Сарапшыларды жұмысқа тарту | |
Полиграфиялық шығындар (бланкілік өнімдерді: сауалнамаларды, маршруттық парақтарды, карточкаларды, есептерді, тест тапсырмаларын тираждау, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу) | |
Жүргізілген зерттеулер бойынша материалдарды жариялауға арналған шығындар | |
Консультанттардың қызметтері (азаматтық-құқықтық сипаттағы) (дизайнерлік, версталдық, медициналық, мұрағаттық) | |
Авторлық және сабақтас құқықтар бойынша шығындар (зияткерлік меншікке авторлық және лицензиялық құқықтарды сатып алу) | |
Аударма қызметтері | |
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу (зерттеу жүргізу үшін) | 0 |
Тауарлы-материалдық қорларды (оның ішінде жанар-жағармай материалдарын) сатып алу | 0 |
Жалға алу | 0 |
Ғимараттар мен құрылыстар | |
Транспорттық құралдар | |
Конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізуге арналған ғимараттар | |
Коммуналдық қызметтер | 0 |
Жылу энергиясы | |
Электр қуаты | |
Сумен жабдықтау және су бұру | |
Қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару | |
Құрылыс қалдықтарын кәдеге жарату | |
Байланыс қызметтері | 0 |
Қалааралық, халықаралық, ұялы | |
Абоненттік төлем | |
Интернет қызметтері | |
Пошта қызметтері | |
Курьерлік қызметтер | |
Хостинг пен домен | |
Интернет-ресурстарды әзірлеу және сүйемелдеу | |
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу бойынша шығындар, техникалық сүйемелдеу және техникалық қолдау | |
Ақпараттық қызметтер (ақпараттық мәліметтер базасына қол жеткізу және жазылу) | |
Өндірістік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру, форумдар мен конференцияларға қатысу | |
Сақтандыру, оның ішінде: шетелдік іссапарлар кезіндегі өмірді сақтандыру | |
Өкілдік шығындар | |
Жанама шығындар | |
Әкімшілік-басқару қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу | 0 |
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер | 0 |
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу | 0 |
Тауарлы-материалдық қорларды, материалдық емес активтерд сатып алу, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты шығыстар | 0 |
Жанар-жағармай материалдарын сатып алу | 0 |
Коммуналдық қызметтер | 0 |
Жылу энергиясы | |
Электр қуаты | |
Сумен жабдықтау және су бұру | |
Қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару | |
Құрылыс қалдықтарын кәдеге жарату | |
Байланыс қызметтері | 0 |
Қалааралық, халықаралық, ұялы | |
Абоненттік төлем | |
Интернет қызметтері | |
Пошта қызметтері | |
Курьерлік қызметтер | |
Хостинг пен домен | |
Әкімшілік-басқару қызметкерлерінің іссапар шығындары | 0 |
Жол жүру | |
Тұрғын үй-жайды жалдау | |
Тәулiкақы | |
Жанар-жағармай материалдары | |
Мердігерлерден алынған жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) | 0 |
Ғимаратты күтіп-ұстауға арналған шығындар | |
Күзет қызметтері | |
Өрт қауіпсіздігі | |
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы | |
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсету және жөндеу | 0 |
Негізгі құралдарға (жабдықтарға, көлік құралдарына) қызмет көрсету және жөндеу | |
Материалдық емес активтерге қызмет көрсету | |
Консультациялық қызметтер | 0 |
Аудиторлық қызметтер | |
Менеджмент жүйелеріне аудит / сертификаттау жүргізу жөніндегі қызметтер | |
Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит | |
Заңдық (нотариаттық) қызметтер | |
Консалтингтік қызметтер | |
Ақпараттық қызметтер | |
Полиграфиялық қызметтер | |
Банктік қызметтер | 0 |
Сақтандыру бойынша қызметтер | 0 |
Жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру | |
Автокөлік иесінің АҚЖ міндетті сақтандыру | |
Келісімшартты ерікті сақтандыру | |
Әкімшілік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру | 0 |
Тәуелсіз директорларға сыйақы беру, басшы атқарушы органның, ішкі аудит қызметінің және корпоративтік хатшының есепті кезең қорытындылары бойынша сыйақы беру | 0 |