"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстау және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы елді мекенді жерлерде малдарды бағу жүктемесінің ветеринарлық нормативтерін бекіту" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5145 болып тіркелген);
2) "Жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстау және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы елді мекенді жерлерде малдарды бағу жүктемесінің ветеринарлық нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығы өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 633 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6588 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |