БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шарттын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13975 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қаржы институты мыналарға:
1) 3 жұмыс күні ішінде Уәкілетті органға Қарыз алушымен қарыз/қаржы лизингі шартын бұзу туралы ескертуге;
2) мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, пайдаланылмаған субсидия сомасын осы Шартты бұзу күнінен бастап банктік 10 күн ішінде республикалық бюджет кірісіне қайтаруды жүргізуге;
3) 3 жұмыс күні ішінде Уәкілетті органға Қарыз алушы қарыз/қаржы лизнгі шарты бойынша уақтылы өтемеген немесе Қарыз алушының Қаржы институтының алдындағы төлемдерін төлеу бойынша міндеттерін бір ай дан кем емес мерзімде (қаржы лизингі шарты бойынша – 2 немесе одан да көп рет қатарынан) орындамаған жағдайда, ол туралы хабарлауға;
4) 7 жұмыс күні ішінде Уәкілетті органға, осы Шарт бұзылған, Қарыз алушының қарыз/қаржы лизингі шарты бойынша негізгі берешек ішінара немесе толық өтелген жағдаларда, Қарыз алушы мен Қаржы институты арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актісін беруге;
5) аударылған субсидия бойынша жеке банктік шорттарда арнайы есеп жүргізуге;
6) Уәкілетті органға басшыларының, атауының, деректемелерінің, заңды және тұрақты мекенжайларының өзгеруі туралы хабарлауға;
7) банктік құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекетік аудит органдарына беруге Қарыз алушының келісімін алуға міндетті.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |