Жануарларға арналған панажайларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 мамырда № 28149 болып тіркелді


      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жануарларға арналған панажайларды есепке алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
С. Брекешев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 20 мамырдағы
№ 167 бұйрығына қосымша

Жануарларға арналған панажайларды есепке алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларға арналған панажайларды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларға арналған панажайларды есепке алу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      1) жануарларға арналған панажай – тіршілігі мен саулығына қатер төндіретін жағдайға ұшыраған жануарларды, қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон-жануарларды) ұстауға арналған және жабдықталған мүліктік кешен;

      2) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті орган – жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) жануарларды есепке алу жөніндегі бірыңғай деректер базасы (бұдан әрі – деректер базасы) – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығын көздейтін, олар бойынша жануарларды, оқиғалар мен іс-қимылдарды тіркеуге арналған, тиісінше жеке және заңды тұлғаларға қолжетімділік берілетін электрондық деректер базасы.

      3. Осы Қағидаларда көзделген жануарларға арналған панажайлар жүзеге асыратын барлық іс-әрекеттер Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес деректер базасында тіркеледі, оған қол жеткізу жануарларға арналған панажайлардың иелеріне өтеусіз негізде беріледі.

2 тарау. Жануарларға арналған панажайларды есепке алу тәртібі

      4. Деректер базасына мәліметтерді енгізуді есепке қою үшін электрондық өтінішті толтыра отырып, жануарлар панасының иесі жүзеге асырады.

      5. Электрондық өтінішті жануарлар панажайының иесі өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын куәландыра отырып береді.

      6. Электрондық өтініш келесі мәліметтерді қамтиды:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі не жануарларға арналған панажай иесі болып табылатын заңды тұлғаның атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      2) жануарларға арналған панажайдың атауы;

      3) жануарларға арналған панажай орналасқан жерінің мекен-жайы;

      4) жануарларға арналған панажайдың сыйымдылығы;

      5) жануарларға арналған панажайдың жабдықталуы туралы мәліметтер;

      6) жануарларға арналған панажай мамандарының саны туралы мәліметтер;

      7) жануарларға арналған панажайдағы жануарлардың нақты саны.

      7. Ауданның, облыстың, аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жануарларға арналған панажай иесінің электрондық өтінішінде берілген мәліметтерді 3 жұмыс күні ішінде қарайды.

      Электрондық өтініште қамтылған мәліметтердің толық еместігі анықталған жағдайда жергілікті атқарушы орган өтінішті деректер базасында қараудан бас тартады.

      8. Жергілікті атқарушы органдарының оң нәтижесі болған жағдайда жануарларға арналған панажайға орналасқан жерін көрсете отырып, мынадай белгілері бар тіркеу нөмірі (он төрт символдан тұратын) беріледі:

      1) алғашқы үш белгі – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның ISO кодына сәйкес Қазақстан Республикасының коды (үш сан – 398);

      2) төртіншіден бесінші белгіге дейін - ұстау орнының түрін білдіретін сандық код;

      3) алтыдан он төртке дейінгі символдар – бірегей реттік нөмір.

      9. Жануарларға арналған панажайды ұстау жөніндегі қызметті тоқтатқан жағдайда, жануарларға арналған панажайы иесі жергілікті атқарушы органға деректер базасына электрондық өтініш беру арқылы қызметін тоқтату жөніндегі қабылданған шешімді хабарлайды.

Об утверждении Правил учета приютов для животных

Приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 мая 2022 года № 167. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 мая 2022 года № 28149.

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. 4.

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об ответственном обращении с животными" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила учета приютов для животных.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
С. Брекешев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министра экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 20 мая 2022 года № 167

Правила учета приютов для животных

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила учета приютов для животных (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 7) статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об ответственном обращении с животными" (далее – Закон) и определяют порядок учета приютов для животных.

      2. В настоящих Правилах используется следующие основные понятия и термины:

      1) приют для животных – имущественный комплекс, предназначенный и оборудованный для содержания животных, оказавшихся в положении, угрожающем их жизни и здоровью, безнадзорных и бродячих животных, а также изъятых или конфискованных у физических или юридических лиц домашних животных (животных-компаньонов);

      2) уполномоченный орган в области ответственного обращения с животными – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области ответственного обращения с животными;

      3) единая база данных по учету животных (далее – база данных) – электронная база данных, предусматривающая организационно-упорядоченную совокупность информационно-коммуникационных технологий, обслуживающего персонала и технической документации, предназначенная для регистрации животных, событий и действий по ним, соответсвующий доступ к которой предоставляется физическим и юридическим лицам.

      3. Все действия, предусмотренные настоящими Правилами, осуществляемые приютами для животных регистрируется в базе данных, доступ к которой предоставляется на безвозмездной основе владельцам приютов для животных в соответствии с пунктом 1 статьи 11 Закона.

Глава 2. Порядок учета приютов для животных

      4. Внесение сведений в базу данных осуществляется владельцем приюта для животных с заполнением электронного заявления для постановки на учет.

      5. Электронное заявление подается владельцем приюта для животных, с заверением своей электронной цифровой подписью.

      6. Электронное заявление содержит следующие сведения:

      1) фамилия, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный идентификационный номер физического лица, либо наименование и бизнес-идентификационный номер юридического лица, являющегося владельцем приюта для животных;

      2) наименование приюта для животных;

      3) адрес места расположения приюта для животных;

      4) вместимость приюта для животных;

      5) сведения об оснащенности приюта для животных;

      6) сведения о количестве специалистов приюта для животных;

      7) фактическая численность животных в приюте для животных.

      7. Местный исполнительный орган района, области, города районного, областного, республиканского значения и столицы (далее – местный исполнительный орган) рассматривает приобщенные сведения в электронном заявлении владельца приюта для животных в течении 3 рабочих дней.

      В случае установления неполноты сведений, содержащихся в электронном заявлении местный исполнительный орган отказывает в рассмотрении заявления в базе данных.

      8. В случае положительного рассмотрения электронного заявления местными исполнительными органами, приюту для животных в базе данных присваивается регистрационный номер (состоящий из четырнадцати символов), с указанием места расположения, которые имеют следующие обозначения:

      1) первые три символа – код Республики Казахстан, согласно коду ISO – Международной организации по стандартизации (три цифры – 398);

      2) с четвертого по пятые символы – числовой код обозначающий вид места содержания;

      3) с шестого по четырнадцатые символы – уникальный порядковый номер.

      9. В случае прекращения деятельности по содержанию приюта для животных, владелец приюта для животных сообщает в местный исполнительный орган о принятом решении по прекращению полномочий, путем подачи электронного заявления в базу данных.