БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 31 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1.
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес авторлық құқықты басқару салаларында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сабақтас құқықтарды басқару салаларында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес авторлардың, орындаушылардың, фонограммалар мен дыбыстау-бейнелеу туындыларын жасаушылардың фонограммалар мен дыбыстау-бейнелеу туындыларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығарғаны үшін сыйақы алуға арналған құқықтарын жүзеге асыру саласында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар қызметін тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды басқару саласында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағы бекітілсін.
2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Авторлық құқықты басқару салаларында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағы";
3-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сабақтас құқықтарды басқару салаларында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағы";
4-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Авторлардың, орындаушылардың, фонограммалар мен дыбыстау-бейнелеу туындыларын жасаушылардың фонограммалар мен дыбыстау-бейнелеу туындыларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығарғаны үшін сыйақы алуға арналған құқықтарын жүзеге асыру саласында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар қызметін тексеру парағы";
5-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды басқару саласында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағы".
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
К. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті