БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және талаптар орындалған тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22430 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және талаптар орындалған тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары мен шарттарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Порттық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың немесе логистикалық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан порттық немесе логистикалық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың қатысушылары, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлар Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты, мынадай:
1) егер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына одан әрі экспортау үшін көзделген тауарлар бойынша декларация (бұдан әрі – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына одан әрі экспортау үшін көзделген тауарлар бойынша ТД) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына одан әрі экспорттау үшін көзделмеген тауарлар бойынша декларциядан бөлек ресімдеу;
2) егер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына одан әрі экспортау үшін көзделген тауарлар бойынша ТД-да көрсетілген импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына толық көлемде әкету шарттары бірмезгілде сақталған кезде ҚҚС-тан босатылады.
Мыналарда:
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына одан әрі экспорттау үшін көзделген тауарлар бойынша ТД-ның 31, 33-бағандарында;
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағында одан әрі экспорттау үшін көзделген тауарлар бойынша ТД көрсетілген, аумағына тауарлар импортталған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш қағаз жеткізгіште түпнұсқада және электрондық нысанда (бұдан әрі – Тауарларды әкелу туралы өтініш) 2, 3, 4 және 5-бағандарында;
тауарлар экспорты кезінде декларант жазып берген электрондық шот-фактураның (бұдан әрі – ЭШФ) 3/1, 4, 5, 6-бағандарында және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағында одан әрі экспорттау үшін көзделген тауарлар бойынша ТД көрсетілген тауарлар атауының, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы кодының, тауардың өлшем бірлігінің және мөлшерінің бірегей болуы;
3) егер ЭШФ-ның "Тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша деректер" G бөлімінде:
15-бағанында көрсетілген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына одан әрі экспорттау үшін көзделген тауарлар бойынша ТД нөмірі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына одан әрі экспорттау үшін көзделген тауарлар бойынша ТД-ның 20 таңбалы тіркеу нөмірімен сәйкес келсе;
16-бағанда көрсетілген тауар позициясының нөмірі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына одан әрі экспорттау үшін көзделген тауарлар бойынша ДТ-ның 32-бағанында көрсетілген тауардың реттік нөмірімен сәйкес келсе;
4) егер Тауарларды әкелу туралы өтініште:
11 және 12-бағандарда көрсетілген шот-фактуралардың нөмірі мен күніне ЭШФ-ның "Жалпы бөлім" А бөлімінде көрсетілген нөмірі мен күніне сәйкес келсе;
5) егер қағаз жеткізгіштегі Тауарларды әкелу туралы өтініште көрсетілген мәліметтер электрондық нысандағы Тауарларды әкелу туралы өтініште көрсетілген мәліметтермен сәйкес келсе;
6) егер Тауарларды әкелу туралы өтініш пен ЭШФ саны, аталған тауарлардың импорты кезінде ресімделген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына одан әрі экспорттау үшін көзделген тауарлар бойынша ТД санына сәйкес келсе;
7) егер 2009 жылғы 11 желтоқсанда қол қойылған ЕАЭО мүше мемлекеттердің салық органдары арасында жанама салықтардың төленген сомалары туралы, ақпараттарды электрондық түрде алмасу туралы хаттамаға сәйкес ақпараттық байланыс арналары бойынша мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) ақпараттық жүйесіне Тауарларды әкелу туралы өтініштің электрондық нұсқасы келіп түссе;
8) егер Тауарларды әкелу туралы өтініштің 1-бөліміндегі кестенің 6-бағанында көрсетілген тауар құны, сондай-ақ ЭШФ 8-бағанының G бөлімінде көрсетілген тауар құны ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына одан әрі экспорттауға арналған тауарлар бойынша ТД 45-бағанында көрсетілген тауар құнынан төмен болмаса тауарларды әкету фактісін растау болып табылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |