БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15321 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Умаров |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2022 жылғы 28 маусымдағы № 220 Бұйрығымен бекітілген |
Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
№ | Міндеттің, оның ішінде функциялардың, өкілеттіктердің, міндеттердің атауы | Жүзеге асырылатын міндет шеңберінде жинау және өңдеу мақсаттары | Белгілі бір мақсатқа арналған дербес деректердің атауы | Меншік иесі және (немесе) оператор жүзеге асыратын міндеттерге тікелей нұсқаулары бар құжаттарды немесе нормативтік құқықтық актілерді көрсету |
1 |
мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру; | мемлекеттік органның персоналын басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік органның персоналын басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызмет өткеруді қамтамасыз ету | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысы, "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығы, "Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14448 болып тіркелген), "Әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадрлық іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы""Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 28 қазандағы бұйрығы № 27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14468 болып тіркелген), "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14819 болып тіркелген) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14819 болып тіркелген), "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) |
2 | Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | |||
3 | Тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтер | |||
4 | Туу туралы мәліметтер: туған күні, туған жері | |||
5 | Ұлты | |||
6 | Жынысы | |||
7 |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: | |||
8 |
Азаматтығы туралы деректер: азаматтығы (бұрынғы азаматтығы); | |||
9 | Тұрғылықты мекенжайы | |||
10 | Байланыс деректері (жұмыс, үй, ұялы телефон нөмірлері) | |||
11 | Электрондық пошта мекенжайы | |||
12 | Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті) | |||
13 | Қолы (оның ішінде электрондық- цифрлық қолтаңбасы (бар болса) | |||
14 |
Білімі, біліктілігі туралы және арнайы білімінің немесе арнайы даярлығының болуы туралы мәліметтер: | |||
15 | Арнайы тексеру нәтижелері | |||
16 | Соттылықтың болуы (болмауы) туралы мәліметтер | |||
17 | Мемлекеттік қызметшінің ант қабылдаған күні | |||
18 | Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны тапсырғаны туралы мәліметтер | |||
19 |
Еңбек кітапшасының мәліметтері: | |||
20 |
Еңбек қызметі туралы мәліметтер (ағымдағы уақытқа арналған еңбек қызметі туралы деректер): | |||
21 |
Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, грамоталар, алғыс хаттар туралы мәліметтер; | |||
22 |
Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер: | |||
23 | Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері туралы мәліметтер | |||
24 |
Әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақырылуға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер: | |||
25 |
Отбасы жағдайы туралы мәліметтер: | |||
26 |
Әлеуметтік жеңілдіктер мен әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер: | |||
27 |
Мүгедектік туралы мәліметтер: | |||
28 | Медициналық қорытындылардың нәтижелері туралы мәліметтер | |||
29 | Тәртіптік/әкімшілік жаза қолдану туралы (оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін), мемлекеттік лауазымдарды атқаруға тыйым салу туралы мәліметтер |