"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2022 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысы бойынша департаменттеріне 150 әскери міндетті 30 күнтізбелік күнге әскери жиындарға шақырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Ерлан Ерғалиұлы Алдажұмановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері таныстырылсын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |