БҰЙРАМЫН:
1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
реттік нөмірлері 8 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға не порталға мынадай құжаттарды береді: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда; |
";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 12-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Аймағамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 383 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген |
Нысан
____________________________ конкурс жариалаған мемлекеттік орган ________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) |
Көрсетілген қызметті алушының қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі
Мен, _____________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
1) дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруді;
2) дербес деректерді өңдеу процесінде оларды трансшекаралық беруді;
3) дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратуды қамти отырып,
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізу үшін келісім беремін.
Ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін талап етілетін өзге де мәліметтерді қамтитын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісемін.
Осы Келісім мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейін барлық кезең ішінде қолданылады.
__________ ___________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)