БҰЙЫРАМЫН:
1. "Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17459 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар белгілерінің, қызмет көрсету белгілерінің, географиялық нұсқамалардың, тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-1 бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Патент Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жүргізу қағидалары;";
осы бұйрықпен бекітілген Селекциялық жетістіктердің өтінімдеріне алдын ала сараптама жүргізу қағидалары:
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Белгіленген мөлшерде өтінім беру төлемін растайтын құжат және оның мөлшерін азайту негізін растайтын құжат өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Өтінімнің тіркелген құжаттары өтінім беруге ақы төленгенін растайтын құжаттың толықтығын тексеріледі. Мұндай құжат және оның мөлшерін азайту үшін негіздердің бар екенін растайтын құжат болмаған және белгіленгеннен мөлшерден аз ақы төленген жағдайда, өтінім беруші өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін тиісті құжатты (тарды) және (немесе) қосымша төлем туралы құжатты белгіленген мөлшерге дейін ұсыну қажеттігі туралы өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.";
14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Өтінім берілген күннен бастап бір ай ішінде және селекциялық жетістік атауының дұрыстығын тексеру нәтижелері болған кезде сараптама ұйымы ол бойынша алдын ала сараптама жүргізеді. Алдын ала сараптама жүргізу барысында өтінімнің басымдық күні белгіленеді, қажетті құжаттардың болуы және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.";
20-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"20. Егер алдын ала сараптама нәтижесінде өтінімнің белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталса, сараптама ұйымы өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды және өтінім берушіні шешім шығарылған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде алдын ала сараптаманың оң нәтижесі туралы хабардар етеді.";
осы бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидалары:
46-тармақтың бірінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Пайдалы модельге өнімге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнің штаммына, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларының өсіріндісіне), тәсілге (материалдық құралдардың көмегімен материалдық объектіде іс-қимылдарды жүзеге асыру процесіне), сондай-ақ белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа мақсат бойынша не жаңа өнімді белгілі бір мақсат бойынша, оның ішінде, адамдарды немесе жануарларды емдеудің терапевтік және хирургиялық әдістерін қоспағанда белгілі бір мақсат бойынша қолдануға қатысты кез келген саладағы техникалық шешімдер жатады.";
55-тармақтың бірінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Өтінім құжаттарына қойылатын талаптар:";
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Өтінімге мәні бойынша сараптама формальды сараптама оң нәтижемен аяқталған жағдайда және өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізгені үшін ақы төленгенін растайтын құжат ұсынылған кезде Заңның 20-бабы 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап он сегіз ай ішінде жүргізіледі.";
78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"78. Өнертабыс ретінде мәлімделген шешімнің патентке қабілеттілігін тексеру мыналарды қамтиды:
мәлімделген ұсыныстың Заңның 6-бабының 3 және 3-1 тармақтарына сәйкес өнертабыс ретінде танылмайтын шешімдер санына сәйкестігін анықтау;
мәлімделген ұсыныстың Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес өнертабыс ретінде қорғалатын техникалық шешімдерге сәйкестігін анықтау және мәлімделген ұсыныспен техникалық сипаттағы нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Өтінім берілген ұсыныс Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес өтінім материалдары осындай түрде көрсетілген объектілерді ғана ашатын жағдайда, өнертабыс ретінде танылмайтын шешімдердің қатарына жатады.
Өнертабыс формуласында тек математикалық әдіс, электрондық есептеу машинасына арналған бағдарлама немесе онда пайдаланылатын алгоритм болған жағдайда, онда мәлімделген ұсыныс Заңның 6-бабының 3 және 3-1 тармақтарына сәйкес өнертабыс ретінде танылмайтын объектілерге жатады деп танылады.
Мәлімделген ұсынысты өнертабыс ретінде танылмайтын объектілерге жатқызу кезінде өтінім берушіге тиісті дәлелдері баяндалған сұрау салу жіберіледі.
Өзіне қатысты өнертабыс ретінде танылмайтын объектілерге қатысты деген тұжырым жасалмаған мәлімделген ұсыныс өнеркәсіптік қолдану, жаңалық және өнертапқыштық деңгейі шарттарына сәйкестігі тексеріледі.
Қаралып отырған формулада баламалы ұғым болған жағдайда, патентке қабілеттілікті тексеру осындай ұғымдардың бірін қамтитын белгілердің әрбір жиынтығына қатысты жүргізіледі.
Мәлімделген өнертабыстың патентке қабілеттілігін тексеру кезінде техника деңгейіне автор, өтінім беруші немесе олардан тікелей немесе жанама түрде осы ақпаратты алған кез келген тұлға ашқан өнертабысқа қатысты ақпаратты қамтитын көздер, өнертабысқа өтінім сараптама жасау ұйымына ақпаратты ашу күні өтінім берілген күннен бастап алты айдан кешіктірілмей берілген жағдайда, өнертабыстың мәні туралы мәліметтер жалпыға қолжетімді болатындай енгізілмейді.
Патентке қабілеттілігін тексеру нәтижелері бойынша патент беру туралы немесе патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады.";
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"99. Өтінімге сараптама жүргізу кезінде:
мәлімделген ұсыныстың Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес пайдалы модель ретінде қорғалатын техникалық шешімдерге сәйкестігі;
мәлімделген ұсыныстың Заңның 6-бабының 3 және 3-1 тармақтарына сәйкес пайдалы модель ретінде танылмайтын шешімдер санына сәйкестігі;
өтінімде болуы немесе оған қоса берілуі тиіс құжаттардың болуы;
өтінім бергені үшін ақы төлегені туралы құжаттың болуы;
Заңмен белгіленген және өтінім құжаттарын ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтау;
пайдалы модель бірлігінің талаптарын сақтау;
өтінім беруші ХПК бойынша жүзеге асырған пайдалы модель сыныптамасының дұрыстығы (егер ол болмаса, мұндай сыныптама жүргізіледі);
өтінімде оның сараптама ұйымына берілген күнінен ертерек басымдықты сұраудың негізділігі;
қосымша материалдарды ұсынудың белгіленген тәртібін сақтау тексеріледі.";
107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"107. Егер өтінімге сараптама жасау нәтижесінде оның пайдалы модельдер ретінде қорғалатын объектілерге жатпайтын ұсынысқа ресімделгені анықталса, патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады.
Мәлімделген ұсыныс тұтастай алғанда формула тармағында сипатталғандай түрде Заңның 6-бабының 3 және 3-1 тармақтарында келтірілген ұсыныстар тізбесіне түсетін жағдайда, пайдалы модельдер ретінде қорғалатын объектілерге жатады деп танылмайды.
Егер мәлімделген объект көп буынды формулада сипатталса және тәуелді тармақтың мазмұны осы объектінің қоғамдық мүдделерге, адамгершілік және мораль принциптеріне қайшы келуін негіздесе, мұндай объект те пайдалы модель болып танылмайды.
Формуланың қандай да бір тармағында сипатталған объектіні жоғарыда баяндалғанды ескере отырып пайдалы модель деп тану мүмкін болмаған жағдайда, өтінім берушіге патент беруден бас тарту туралы қорытынды үшін негіз бола алатын дәлелдер қажет болған жағдайда, пайдалы модель формуласын растай отырып, тиісті ақпарат көздеріне сілтемелер жазылған және келтірілген дәлелдерді теріске шығару ұсынысы жазылған сұрау салу жіберіледі немесе одан тиісті тармақты түзетіп немесе алып, пайдалы модель формуласын өзгертеді.
Егер өтініш беруші өз жауабында сараптаманың дәлелдерін жоққа шығармаса және сұрау салуда ұсынылған өзгерістермен формуланы келтірмесе, патент беруден бас тарту туралы қорытынды шығарылады.
Бұл ретте қорытындыда формуланың басқа тармақтарында сипатталған ұсыныстардың қағидатты қорғау қабілеттілігі белгіленеді (егер бұл сараптама процесінде белгіленсе).
Патент беруден бас тарту туралы шешімде келтірілген дәлелдермен келіспеген жағдайда өтініш берушінің уәкілетті органның апелляциялық кеңесіне шешім жіберілген күннен бастап үш ай ішінде қарсылық беру құқығы туралы қосымша хабарланады.";
115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"115. Құжаттарға қойылатын талаптарды бұза отырып ресімделген өтінім бойынша өтінім берушіге түзетілген немесе жетіспейтін құжаттарды ұсыну ұсынысымен жіберілген күннен бастап үш ай ішінде сұрау салу жіберіледі. Өтінімге сараптама жасау сұрау салуға жауап алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Өтінім беруші белгіленген мерзімде сұратылған құжаттарды ұсынбаған жағдайда, өтінім кері қайтарып алынды деп есептеледі, бұл туралы өтінім берушіге белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.
Бұл мерзім тиісті төлем жасалған жағдайда, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.";
119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"119. Өтініш берушінің сұрау салынған құжаттарды ұсыну мерзімі тиісті өтініш берілген кезде ұзартылады, ол өтініш берушіге сұрау салу жіберілген күннен бастап үш ай ішінде ұсынылады. Өтініш берушіге ұзартылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.
Қолдаухатқа тиісті төлемді растайтын құжат қоса беріледі.
Өтінімге сараптама жасау сұрау салуға жауап алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Сұратылған құжаттар немесе өтінішхаттар үш ай мерзімде ұсынылмаған жағдайда, өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі, бұл туралы өтінім берушіге белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.
Бұл мерзім тиісті төлем жасалған жағдайда, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.";
130-тармақтың бірінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"130. Өнеркәсіптік үлгінің жаңалығын белгілеу кезінде Қазақстан Республикасында басқа тұлғалар берген өнеркәсіптік үлгілерге (қайтарып алынғандардан басқа) өтінімдер, Қазақстан Республикасында патенттелген өнеркәсіптік үлгілер мен Еуразиялық өтінімдер олардың неғұрлым ертерек басымдығы болған жағдайда да ескеріледі.";
140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"140. Сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша қосымша материалдар сұрау салу жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертпей ұсынылады.
Мерзім тиісті ақы төленген жағдайда ұзартылады, бірақ ол үш айдан аспауға тиіс.
Өтінімге сараптама жасау сұрау салуға жауап алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхатты өтініш беруші қосымша материалдармен немесе оларды ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтінішхатпен бір мезгілде береді.";
143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"143. Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде сұратылған материалдарды немесе мерзімді ұзарту туралы өтінішхатты ұсынбаса, өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі және ол бойынша іс жүргізу Заңның 24-бабының 8-тармағына сәйкес жалғастырылады, бұл туралы өтінім берушіге белгіленген мерзімдер аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.
Сараптаманың мерзімі сараптаманың сұрау салуына қажетті жауап алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
осы бұйрықпен бекітілген Тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жасау қағидалары:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жүргізу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының бірінші абзацына сәйкес әзірленді және алдын ала сараптаманы, толық сараптаманы және сараптаманы қамтитын тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.";
4-тармақтың тоғызыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Аралас белгілерге әртүрлі ауызша, әріптік, цифрлық, графикалық, көлемді және басқа элементтердің комбинациясы жатады.";
7-тармақтың бірінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Өтінімді алдын ала сараптау өтінім берілген күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.";
8 және 9-тармақтар алынып тасталсын;
11-тармақтың бірінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Алдын ала сараптама нәтижелері бойынша өтінім берушіге өтінім берілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей өтінімнің қарауға қабылданғаны туралы немесе іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі.";
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Толық сараптама өтінім берілген күннен бастап жеті ай ішінде жүргізіледі.
Сараптама ұйымы толық сараптаманың кез келген сатысында толық сараптама жүргізу мүмкін болмайтын қосымша немесе нақтылаушы мәліметтерді сұратады.
Сұрау салу өтініш берушіге жіберілген кезде толық сараптама жүргізу мерзімі сұрау салу жіберілген күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
Толық сараптама мерзімі сараптаманың сұрау салуына қажетті жауап алынғанға дейін, бірақ сұрау салу жіберілген күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Толық сараптаманың сұрау салуына жауап немесе алдын ала сараптаманың сұрау салуына жауап беру мерзімін ұзарту туралы өтініш болмаған кезде белгіленген мерзімдер өткеннен кейін өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады, бұл туралы өтініш берушіге белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.
14. Толық сараптама жүргізу барысында мәлімделетін белгінің Заңның 6, 7-баптарында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
Ажыратылатын реңкi жоқ белгілер тауар белгілері ретінде тіркелмейді.";
15-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жалпыға бірдей пайдалануға енгізілген белгі бұл әртүрлі өндірушілердің сол тауар (қызмет) немесе сол түрдегі тауар (қызмет) үшін ұзақ уақыт пайдалануы нәтижесінде белгілі бір тауар (қызмет) түрін, яғни түр түсінігін көрсететін белгі.";
15-тармақтың жиырма сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Белгілеудің айырым қабілетін белгілеу үшін энциклопедияларды, анықтамалықтарды, түсіндірме және басқа да сөздіктерді, Интернет желісінен алынған мәліметтерді қоса алғанда, ақпарат пайдаланылады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Заңның 6-бабының 1-тармағында көрсетілген белгілер, олар тауар белгісінде үстем жағдайға ие болмаса, қорғалмайтын элементтер ретінде пайдаланылады. Өтінім берілген күні белгі пайдалану нәтижесінде айырым қабілетіне ие болса, көрсетілген белгілер тауар белгісі ретінде тіркеледі.
Белгілеуді пайдалану нәтижесінде айыру қабілетін иемденуді тұтынушы белгілеуді нақты дайындаушының немесе мәлімделген тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге қатысты өтінім беру күніне дейін қызмет көрсететін тұлғаның тауарларын белгілеу ретінде қабылдайтынын куәландыратын құжаттарды ұсыну арқылы өтініш беруші растайды.
Белгілеу оны пайдалану нәтижесінде белгілеудің айыру қабілетін иемдену расталатын тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге қатысты ғана тіркеледі.
Айыру қабілеті деп бір жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың біртекті тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) ажыратуға мүмкіндік беретін белгілердің сипаттамалары түсініледі.
Тауар белгісіне сөз, әріп және (немесе) бейнелеу элементтерін, символдарды қорғау астынан шығара отырып, тұтастай құқықтық қорғау беріледі, тауар белгісі түпнұсқа қаріптік мәнерде орындалған белгіні қамтыса немесе білдіретін болса, бірақ өзінің мағыналық мәні бойынша қорғауға қабілетсіз белгілерге (элементтерге) жатқызылады.
Белгілеу белгісі немесе элементі (элементтері), егер біріктірілген, немесе соншалықты біріктірілген болса, оларды бөлек қарау мүмкін болмаса, "бірыңғай" болып саналады.
Мәлімделген белгілеуде қорғануға қабілетсіз элементтің үстем жағдайын анықтау кезінде, белгілеудің мағыналық мәнін, кеңістіктік жағдайын (мөлшері, композициядағы орналасуы), орындау ерекшеліктерін (түпнұсқа қаріптік графиканы және басқа да бейнелеу құралдары мен тәсілдерін пайдалану, түпнұсқа түстік орындалуы) бағалау, осы композициядағы қорғануға қабілетсіз элементтің рөлін ескере отырып, белгілеудің бүкіл композициясын тұтастай қарау қажет және ол композицияның басқа элементтерімен бірге қабылдау (Жаңа семантикалық мағынаның пайда болу мүмкіндігі), мәлімделген белгілеудің әрбір элементінің жалпы белгілеудің айырым қабілетіне әсер ету дәрежесі болу керек.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Жалған тауарға немесе оны дайындаушыға, көрсетілетін қызметке немесе көрсетілетін қызметті беруші тұлғаға қатысты жаңылыстыруға қабілетті болып табылатын белгілер, сондай-ақ тауар шығарылған жерге қатысты жаңылыстыруға қабілетті географиялық объектілердің атаулары тауар белгілері немесе олардың элементтері ретінде тіркелмейді.
Мәлімделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты жалған немесе жаңылыстыруға қабілетті болып табылатын белгілерге өзінде мәлімделгенге сәйкес келмейтін тауардың немесе көрсетілетін қызметтің атаулары бар, сондай-ақ тұтынушылардың санасында тауардың және (немесе) көрсетілетін қызметтің белгілі бір түрі, оның қасиеттері, ерекшеліктері, сапасы және (немесе) мақсаты туралы түсінік туғызуға қабілетті белгілер жатады.
Жалған немесе дайындаушыға қатысты жаңылыстыруға қабілетті болып табылатын белгілерге тұтынушының санасында шындыққа сәйкес келмейтін тауарды (көрсетілетін қызметті) дайындаушы немесе тауарды (көрсетілетін қызметті) дайындаушымен байланыс туралы түсінік туғызуы мүмкін белгілер жатады.
Тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) дайындаушыға қатысты тұтынушыны жаңылыстыруға қабілетті белгілерге тұтынушылар үшін белгілі белгілердің имитациялары жатқызылады.
Белгілеудің тұтынушыны тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) дайындаушыға қатысты жаңылыстыру қабілетін іздеу барысында азаматтық айналымда тұтынушыларға әртүрлі көздер арқылы белгілі болуы мүмкін тіркеуге мәлімделген біртекті тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) дараландыру үшін белгіні пайдаланатын дайындаушы туралы мәліметтерді анықтау нәтижесінде айқындалады.
Дайындаушыға қатысты жалған немесе жаңылыстыруға қабілетті болып табылатын белгілерге тұтынушының санасында тауарды дайындаушы немесе тауарды дайындаушымен байланыс туралы шындыққа сәйкес келмейтін түсінік туғызуы мүмкін белгілер жатады.
Тауар өндірілетін жерге қатысты жалған немесе жаңылыстыруға қабілетті болып табылатын белгілерге өтінім берушінің орналасқан жеріне қатысты тұтынушыны жаңылыстыруға қабілетті географиялық нұсқамаларды қамтитын белгілер жатады.
Егер тауар белгісі жалған немесе жаңылыстыруға қабілетті элементтерден тұрса немесе оларды қамтыса, белгі жалған немесе жаңылыстыратын болып танылады.
Белгілердің осы тармақтың талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу кезінде Интернет желісінен алынған мәліметтер пайдаланылады.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Сөздік белгілердің ұқсастығы салыстыру арқылы анықталады:
стандартты шрифтпен де, арнайы графикалық нұсқада да жасалған сөздік белгілермен;
сөздік элементтерді қамтитын аралас белгілермен;
сөздік белгілердің ұқсастығы мынадай критерийлер негізінде айқындалады: фонетика (дыбыстық ұқсастық), графика (визуалды ұқсастық) және семантика (мағынасы бойынша ұқсастық);
Аталған критерийлер комбинацияларда ескерілуі мүмкін.
Сөздік белгілеу екі немесе одан да көп сөзден тұрса, сараптама әр сөзді жеке-жеке ескереді және оның жалпы белгілеуге әсері болады.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Аралас белгілер:
аралас белгілермен;
элементтер ретінде тексерілетін аралас белгінің құрамына кіретін белгілердің түрлерімен салыстырылады.
Құрамдастырылған белгілердің ұқсастығын айқындау кезінде осы Қағиданың 26-29, 32, 34-тармақтарының ережелері пайдаланылады.";
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Өтінім материалдарына өзгерістер, толықтырулар, нақтылаулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш жазбаша нысанда жасалады және өтініш берушінің немесе оның өкілінің атынан ұсынылады және өтінім нөмірін, өтінім берушінің атауын, тауар белгісіне өтінім бойынша өзгеретін мәліметтерді қамтиды.";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Өтінім берушінің бастамасы бойынша өтінім материалдарына өзгерістер, толықтырулар, нақтылаулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішхатқа тауар таңбасын тіркеуге өтінім материалдарына өзгерістер енгізгені үшін ақы төленгені туралы құжат қоса беріледі. Төлемді растайтын құжат болмаған кезде өзгерістер енгізу туралы өтініш қарауға қабылданбайды, бұл туралы өтініш беруші бес жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.";
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Тауар таңбасын алу құқығын басқаға беру туралы өтініш жазбаша нысанда жасалады. Өтінішхат өтініш берушінің немесе оның өкілінің атынан ұсынылады және онда тауар белгісін алу құқығын басқа тұлғаға беру туралы өтініш берушінің келісімі, тауар белгісін алу құқығы берілетін тұлға туралы толық мәліметтер қамтылады.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Географиялық нұсқаманы, тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге атауын және/немесе тауар шығарылған жердің географиялық нұсқамасын пайдалану құқығын беруге өтінім беру және сараптама жүргізу";
73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"73. Өтінім сараптама ұйымының кеңсесі, сараптама ұйымының сайты немесе Портал арқылы беріледі. Географиялық нұсқамаға арналған өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесі, тауар шығарылған жердің атауы Заңның 29-бабында белгіленген. Географиялық нұсқаманы, тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) географиялық нұсқаманы тіркеуге, тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге өтінім осы Қағидалардың 3, 4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша ұсынылады. Қағаз тасығыштағы өтінім екі данада беріледі.";
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-параграф. Географиялық нұсқамаға, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімге сараптама жүргізу тәртібі";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Сараптама ұйымы өтінім берілген күннен бастап үш ай ішінде сараптама жүргізеді, оның барысында белгінің Заңның 26, 27 және 29-баптарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Заңның 26, 27 және 29-баптарының талаптарына сәйкес келетін белгілеулерді айқындау кезінде сараптама қорытындысы шығарылады және географиялық нұсқаманы, тауар шығарылған жердің атауын тіркеу және (немесе) тауар шығарылған жердің географиялық нұсқамасын, атауын пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылданады.";
75, 76, 77, 78, 79, 80 және 81-тармақтар алынып тасталсын;
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"82. Сараптама ұйымының тауар шығарылған жердің географиялық нұсқамасын немесе атауын тіркеуден бас тарту және (немесе) географиялық нұсқаманы немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру туралы шешіміне қарсылық берілген жағдайда, қарсылыққа қарсылықты қарау үшін ақы төленгені туралы құжат қоса беріледі. Ақы төленгенін растайтын құжат болмаған кезде сараптама ұйымы ақы төлеуге шот ұсынады. Төлем туралы құжат төлемге шот жіберілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей ұсынылады. Төлем туралы құжат ұсынылмаған кезде қарсылық қаралмайды.";
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"87. Тауар шығарылған жердің атауын немесе географиялық нұсқамасын тіркеуден бас тарту және/немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе географиялық нұсқамасын пайдалану құқығын беру туралы шешімге қарсылықты қарағаннан кейін сараптама ұйымы түпкілікті шешім қабылдайды.";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Тауар шығарылған жердің атауына немесе географиялық нұсқамаға өтінімдері бойынша сараптаманың жекелеген мәселелері";
88 және 89-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Тауар шығарылған жердің атауын немесе географиялық нұсқаманы тіркеуге және/немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беруге арналған өтінімге сараптама жүргізу барысында өтінім беруші өтінім материалдарын мәні бойынша өзгертпей-ақ толықтыруға, нақтылауға немесе түзетуге құқылы.
89. Өтінім материалдарына өзгерістер, толықтырулар, нақтылаулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішхат жазбаша нысанда жасалады. Өтініш өтінім берушінің немесе оның өкілінің атынан ұсынылады және өтінім нөмірін, өтінім берушінің атауын, өтінім бойынша өзгеретін мәліметтерді қамтиды.";
90-тармақтың бірінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтінімге өтінім берушінің атауы мен мекенжайы, оның ішінде хат алмасу мекенжайы және өтінім берушінің өкілі туралы мәліметтер бөлігінде өзгерістер енгізу туралы өтінішхат тауар шығарылған жердің атауы немесе географиялық нұсқамасы тіркелгенге дейін және/немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе географиялық нұсқаманы мемлекеттік тізілімде пайдалану құқығы берілгенге дейін сараптама ұйымына ұсынылады.";
Қағидалардың 1-қосымшасында оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларына 1-қосымша"; |
Қағидалардың 2-қосымшасында оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларына 2-қосымша"; |
Қағидалардың 3-қосымшасында оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларына 3-қосымша"; |
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.".
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
К. Мусин |
Түскен күні | Ұсыну күні | Өтінім № |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 010000, Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57а | ||
Географиялық нұсқаманы тіркеуге немесе географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беруге өтінім | ||
географиялық нұсқаманы тіркеуге және оны пайдалану құқығын беруге Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінімде көрсетілген белгіні географиялық нұсқама ретінде тіркеуді және оны пайдалану құқығын беруді сұраймын | бұрын тіркелген географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беруге Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, бұрын тіркелген географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беруді сұраймын | |
Ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, өтініш берушінің толық атауы |
Стандарт бойынша елдің коды | |
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының өтініш берушілері үшін) | ||
Өтініш берушінің мекенжайы, телефоны, ұялы телефоны, телефакс, E-mail | ||
Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл Өкілді сәйкестендіру: Өкілдің атауы немесе Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) Мекенжайы (электрондық мекенжайды, почта индексін және елдің атауын қоса алғанда) Өтініш берушінің өкілі немесе патенттік сенім білдірілген өкілі болмаса | ||
Хат-хабар алмасуға арналған мекенжай (адресатты көрсете отырып, толық почталық мекенжай), телефон, ұялы телефон, телефакс, E-mail | ||
Мәлімделетін белгі (бас әріптермен басып шығару) | ||
Тауар түрі | ||
Тауардың белгілі бір сапасын, беделін немесе басқа да сипаттамаларын сипаттау | ||
Тауардың шығарылған (өндірілген) орны (географиялық объектінің шекарасы) | ||
Қоса берілген құжаттардың тізбесі | Парақтар саны | |
өтінімге сараптама жүргізгені үшін ақы төленгені туралы құжат | ||
жергілікті атқарушы органның қорытындысы | ||
тауардың белгілі бір сапасын, беделін немесе басқа да сипаттамаларын растайтын құжат | ||
өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат | ||
Басқа да құжаттар (көрсету) | ||
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі беруші _____ Қолы |