БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 552 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11805 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Ғарыш қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды.";
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібі";
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің қаза табу (қайтыс болу), сондай-ақ олардың алған жарақатының, мертігуінің, ауруының мән-жайларын тексеру Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жүргiзiледi.";
төртінші абзацтың 5-тармағы 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"қайтыс болу туралы куәлiгiнің немесе қайтыс болғаны туралы хабарлама;";
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Алушыға бiржолғы өтемақы төлеудi уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес тәртіппен бюджет қаражаты есебінен алушының Қазақстан Республикасының шегіндегі екінші деңгейдегі банктегі жеке шотына аудару арқылы өтініш беруші тиісті құжаттарды ұсынған сәттен бастап үш ай iшiнде жүзеге асырады.".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі