"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 406 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 қыркүйекте № 29836 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 24, 29, 34, 44 тармақтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда:

      1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша;

      2) шетел тілі бойынша;

      3) цифрлық сауаттылық бойынша (1 сыныптан басқа) бойынша жүзеге асырылады.

      Білім беру ұйымдарында сыныптардағы білім алушылар саны қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болған жағдайда, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша сыныпты екі топқа бөлуге болады.

      Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда барлық оқу пәндері бойынша сыныпты топтарға бөлу бір сыныпта 15 білім алушыға дейінгі толымдылықпен жүргізіледі.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 5-сыныпта – 30,5 сағаттан, 6-сыныпта – 30,5 сағаттан, 7-сыныпта – 33,5 сағаттан, 8-сыныпта – 34,5 сағаттан, 9-сыныпта – 36 сағаттан аспауы тиіс."

      43 және 44 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Сыныпты екі топқа бөлуге қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны – 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны – 20 және одан артық болғанда:

      1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;

      2) шетел тілі;

      3) көркем еңбек;

      4) информатика бойынша жүзеге асырылады.

      Білім беру ұйымдарында қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптардағы білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болған жағдайда, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша сыныпты екі топқа бөлуге болады.

      Білім беру ұйымдарында көркем еңбек бойынша сыныптың толымдылығына қарамастан ұлдар мен қыздарға сыныпты екі топқа бөлуге болады.

      44. Сыныпты екі топқа бөлуге қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны – 24 және одан артық, ауылдықжерлерде білім алушылар саны – 20 және одан артық болғанда:

      1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;

      2) шетел тілі;

      3) технология;

      4) информатика бойынша жүзеге асырылады.

      Білім беру ұйымдарында қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптардағы білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болған жағдайда, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша сыныпты екі топқа бөлуге болады.

      Білім беру ұйымдарында технология бойынша сыныптың толымдылығына қарамастан ұлдар мен қыздарға сыныпты екі топқа бөлуге болады.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына:

      30 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Жалпы орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі әр сыныпта аптасына 36 сағаттан аспайды.".

      33 және 34 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны – 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны – 20 және одан артық болғанда:

      1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;

      2) шетел тілі;

      3) информатика бойынша жүзеге асырылады.

      Білім беру ұйымдарында қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптардағы білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болған жағдайда, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша сыныпты екі топқа бөлуге болады.

      34. Сыныптарды топтарға бөлу 33-тармақта көрсетілген пәндерден басқа инвариантты компонент пәндері бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санына қарамастан, қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақты мектептерде рұқсат етіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 44-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
А. Аймағамбетов

О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 "Об утверждении государственных общеобязательных стандартов дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования"

Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 23 сентября 2022 года № 406. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 сентября 2022 года № 29836

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 "Об утверждении государственных общеобязательных стандартов дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 29031) следующие изменения:

      пункт 5 приказа вносятся изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в Государственном общеобязательном стандарте начального образования, утвержденном указанным приказом:

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. Деление класса на две группы осуществляется в городских общеобразовательных организациях образования при наполнении классов в 24 и более обучающихся, в сельских – в 20 и более обучающихся по:

      1) казахскому языку в классах с неказахским языком обучения;

      2) иностранному языку;

      3) цифровой грамотности (кроме 1 класса).

      Деление класса на две группы допускается в городских общеобразовательных организациях образования при наполнении классов в 24 и более обучающихся, в сельских – в 20 и более обучающихся по русскому языку в классах с нерусским языком обучения.

      В случаях осуществления ограничительных мероприятий соответствующими государственными органами, введения карантина, чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера деление класса на группы производится по всем учебным предметам с наполнением в одном классе до 15 обучающихся.".

      в Государственном общеобязательном стандарте основного среднего образования, утвержденном указанным приказом:

      пункт 40 изложить в следующей редакции:

      "40. Максимальный объем недельной учебной нагрузки обучающихся на уровне основного среднего образования составляет не более: в 5 классе – 30,5 часа, в 6 классе – 30,5 часа, в 7 классе – 33,5 часа, в 8 классе – 34,5 часа, 9 класс –36 часов.".

      пункты 43 и 44 изложить в следующей редакции:

      "43. Деление класса на две группы осуществляется в городских общеобразовательных организациях образования при наполнении классов в 24 и более обучающихся, в сельских – в 20 и более обучающихся по:

      1) казахскому языку и литературе – в классах с неказахским языком обучения;

      2) иностранному языку;

      3) художественному труду;

      4) информатике.

      Деление класса на две группы допускается в городских общеобразовательных организациях образования при наполнении классов в 24 и более обучающихся, в сельских – в 20 и более обучающихся по русскому языку и литературе – в классах с нерусским языком обучения.

      В организациях образования допускается деление класса на две группы по художественному труду независимо от наполняемости класса на мальчиков и девочек.

      44. Деление класса на две группы в организациях образования осуществляется в городских общеобразовательных организациях образования при наполнении классов в 24 и более обучающихся, в сельских – в 20 и более обучающихся:

      1) казахскому языку и литературе – в классах с неказахским языком обучения;

      2) иностранному языку;

      3) технологии;

      4) информатике.

      Деление класса на две группы допускается в городских общеобразовательных организациях образования при наполнении классов в 24 и более обучающихся, в сельских – в 20 и более обучающихся по русскому языку и литературе – в классах с нерусским языком обучения.

      В организациях образования допускается деление класса на две группы по художественному труду независимо от наполняемости класса на мальчиков и девочек.".

      в Государственном общеобязательном стандарте общего среднего образования, утвержденном указанным приказом:

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. Максимальный объем недельной учебной нагрузки обучающихся на уровне общего среднего образования составляет в каждом классе не более 36 часов в неделю.".

      пункты 33 и 34 изложить в следующей редакции:

      "33. Деление класса на две группы в организациях образования осуществляется в городских общеобразовательных организациях образования при наполнении классов в 24 и более обучающихся, в сельских – в 20 и более обучающихся по:

      1) казахскому языку и литературе – в классах с неказахским языком обучения;

      2) иностранному языку;

      3) информатике.

      Деление класса на две группы допустимо в организациях образования в городских общеобразовательных организациях образования при наполнении классов в 24 и более обучающихся, в сельских – в 20 и более обучающихся по русскому языку и литературе – в классах с нерусским языком обучения.

      34. Деление класса на группы допускается в городских, сельских организациях образования, в малокомплектных школах независимо от количества обучающихся при проведении уроков по предметам инвариантного компонента кроме предметов, указанных в пункте 33.".

      2. Комитету дошкольного и среднего образования Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридической департамент Министерства просвещения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 сентября 2022 года, за исключением пункта 44 Государственного общеобязательного стандарта основного среднего образования, который вводится в действие с 1 сентября 2024 года.

      Министр просвещения
Республики Казахстан
А. Аймагамбетов