Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.02.2022 № 414/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2019 жылғы 12 шілдедегі № 158/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19047 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесінде:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Осы Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеуге арналған";
3-тармақтың 2-тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3.АКҚ-ның шекті немесе нақты құны (1) және (2) формулалар бойынша есептеледі:
мұнда:
мұнда:
K - АКҚ-ны іске асыру жоспарланған мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - МО) саны;
3-тармақтың 2-тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3.1. 3 жыл жалдау мерзімі өткеннен кейін (4 (төртінші) және одан кейінгі жылдарға) мемлекеттік органдарға арналған АКҚ-ның шекті немесе нақты құны келесі формула бойынша есептеледі:
14-тармақтың 2-тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
"14. СБӨ әзірлеу құны өнеркәсіптік пайдалануға бергеннен бастап үш жыл ішінде жеткізушіге төленеді. Егер шарт бір қаржы жылына жасалған жағдайда, төлем нақты есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте шарт Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес бір жылдан астам мерзімге жасалуы мүмкін.
СБӨ әзірлеу құнын төлеу жеткізушіге осы тармақтың (3) формула бойынша есептеледі:"
14-тармақтың 2-тарауы 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7)
мұнда:
N - 15%-ға тең ҚБҚ кодтарын техникалық қолдаудың еңбек сыйымдылығы коэффициенті Есептеулер мен шығындар нормативтерінің әдістемесіне сәйкес бекітілген әзірлеуші шығындарының нормативтік коэффициенттерінің мәндеріне сәйкес анықталады;
K2, K3, K16 - Есептеулер мен шығындар нормативтерінің әдістемесі 2 қосымшасының 2 бөліміне сәйкес айқындалатын қолданбалы бағдарламалық қамтылымды әзірлеу мен қолдап отырудың еңбек сыйымдылығының жеке түзету коэффициенттеріне сәйкес айқындалған жеке түзету коэффициенттері.
3 (үш) жыл өткеннен кейін (4 (төртінші) және одан кейінгі жылдарға) СБӨ кодтарын сүйемелдеу құны өзгеріссіз есептеледі:
3. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің цифрлық трансформация департаменті:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. қамтамасыз етілсін.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының
"КЕЛІСІЛДІ"
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының