БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларында:
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Қағаз тасымалдағыштағы талаптар бес жұмыс күні ішінде орындалады. Электрондық талаптар үш жұмыс күні ішінде, ал қосымша тексеру жүргізу қажет еткен жағдайда, бес жұмыс күні ішінде орындалады.
Жергілікті әскери басқару органдарының талаптары, мемлекеттік ақпараттық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған кезде үш жұмыс күні ішінде орындалады.
Талаптардың Комитетке және оның аумақтық органдарына келіп түскен күні оны орындаудың мерзіміне кірмейді.
Егер электрондық талаптарды өңдеу барысында қабылданған процестік шешім туралы мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдарға немесе мекемелерге қосымша сұрау салуларды жолдай отырып, сұрау салудың бастамашысына он жұмыс күні ішінде қосымша тексеру іс-шараларын жүргізу туралы жауап жіберіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтың көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астана және оларға теңестірілген прокурорларына, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жіберуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі