ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 392-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарды ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. "Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 708 бұйрықтың (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12580 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2022 жылғы 9 қарашадағы № 690 бұйрығына қосымша |
Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарды ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарды ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 392-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарды ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган ) – қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) меншікті жүйе – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесін пайдалану арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру тәсілі;
3) өндірушілер (импортаушылар) – Кодекстің 386-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
4) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету бойынша өндірушілердің (импорттаушылардың) міндеттемелері;
5) өтініш беруші – осы Қағидаларда көзделген тәртіппен уәкілетті органның мекенжайына сұрау салуды жіберген өндіруші (импорттаушы).
6) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы (бұдан әрі – Оператор) – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін қағидасын жүзуге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен айқындалған заңды тұлға.
Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Кодекске сәйкес қолданылады.
2-тарау. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарды меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) ұсыну тәртібі
3. Өтініш беруші жартыжылдықта бір рет, бірақ есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға өз жүйесін пайдалану арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің орындалғанын растайтын мынадай құжаттарды электрондық жеткізгіште қоса бере отырып, еркін нысанда өтінішті ұсынады:
1) Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылатын түгендеу тізімдемесіндегі реттік нөмірге сілтеме жасай отырып, қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін меншікті техникасы мен жабдықтарының пайдаланудың сипаттамасы бар қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату бойынша қызметке арналған өндірушінің (импорттаушының) технологиялық регламенті. Технологиялық регламентте қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату процестері, сондай-ақ олардың нақты орналасқан жері (мекенжайы) көрсетіле отырып, оларды жүзеге асыру орындары жеке көрсетіледі.
2) "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 562 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес ресімделген өндірушінің (импорттаушының) меншікті техника мен жабдық бөлігіндегі негізгі құралдарының түгендеу тізімдемесі және (немесе) меншікті техника мен жабдық бөлігіндегі қорлардың түгендеу тізімдемесі;
3) қалдықтарды жинауды растайтын құжаттарды, атап айтқанда:
стационарлық және (немесе) жылжымалы жинау пункттері арқылы жинау кезінде қалдықтарды қабылдап алу-беру актісі;
жиналған қалдықтардың әрбір партиясы үшін тексерілген таразы жабдығында өлшеу нәтижелері туралы сертификаттар;
таразы жабдығын тексеру сертификаттары;
№ 562 бұйрық бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес ресімделген жиналатын қалдықтарға арналған қорлардың кіріс ордерін;
4) қалдықтарды тасымалдауды растайтын құжаттарды, атап айтқанда:
жол парақтарын және (немесе) тауарлық-көліктік жүкқұжаттарды және (немесе) теміржол көліктік жүкқұжаттарды;
5) қалдықтарды қайта өңдеуді растайтын құжаттар, атап айтқанда:
№ 562 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес ресімделген қорларды өндіріске арналған есептен шығару актісі және (немесе) "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген өзге де құжаттар;
№ 562 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес ресімделген қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнімге арналған қорлардың кіріс ордері;
онда көрсетілген талаптар өндірілетін өнімге (тауарға) (бар болса) таратылған жағдайда, өндірілетін өнімнің ұлттық стандарттарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
6) өнімді (тауарды) өткізуді және (немесе) әкелуді растайтын құжаттар мен мәліметтер, атап айтқанда:
бухгалтерлік есептің электрондық базасынан өткізілген өнім сатып алушылары және массасы туралы деректері бар дайын өнімді (тауарларды) өткізу туралы есеп;
қалдық және дайын өнім бөлігінде есепті жартыжылдық бойынша материалдық мәлімдемесі;
шарттар (келісімшарттар), буып-түю парақтары не өнім паспорты (бар болса);
халықаралық тасымалдауды растайтын өнімге (тауарларға) арналған халықаралық тауар-көлік жүкқұжаттарын қоса алғанда, көлік жүкқұжаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өнімнің (тауарлардың) орнын ауыстыруын растайтын құжаттар;
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның нысаны және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 450 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 55/қе бірлескен бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22773 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес ресімделген мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон (бар болса);
Осы тармақтың 3) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар қалдықтардың мен өнімдердің (тауарларының) массасы тоннамен көрсетуі тиіс.
4. Уәкілетті орган Операторға осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес алынған құжаттарды жартыжылдықта бір рет, бірақ есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей жібереді.
5. Оператор өтініш беруші ұсынған құжаттарды мынадай тәртіппен қарайды:
1) Оператор құжаттар келіп түскен кезден бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың барын және толықтығын тексереді.
2) Қандай да бір құжаттар болмаған жағдайда Оператор өтініш берушіні ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы хабардар етеді.
Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы Оператордан хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Операторға жетіспейтін құжаттарды жібереді.
Өтініш беруші Қағидалардың осы тармақшасының екінші абзацында белгіленген мерзімдер шегінде құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде Оператор есепті жартыжылдықта меншікті жүйесін пайдалану арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі өтінішті қарауды тоқтатады және үш жұмыс күні ішінде тиісті есепті уәкілетті органға жібереді.
Өтініш беруші Қағидалардың осы тармақшасының екінші абзацында белгіленген мерзімдер шегінде құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Оператор Қағидалардың осы тармағының 3) тармақшасына сәйкес есепті жартыжылдықта меншікті жүйесін пайдалану арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі өтініштерді қарайды.
3) Оператор осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын алған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды Кодекстің 386-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарға қол жеткізу бойынша есепті жартыжылдықта өз жүйесін қолданудың сәйкестігіне қарайды;
Оператор өтініш беруші ұсынған құжаттарды өз жүйесін қолданудың сәйкестігіне қарау қорытындылары бойынша үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті есеп жібереді.
6. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес Оператордан есепті алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде осы есептің негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері орындалуын растау жөніндегі не дәлелді бас тарту жөніндегі қорытынды шешімді қалыптастырады және қорытынды шешімімен тиісті жауапты өтініш берушіге жібереді.