БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамалары мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 26 тамыздағы № 271 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9769 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 15-тармағының 124) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 627 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамаларын бекіту туралы ереженің 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамасы мен нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамасы мен нысаны
1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының айырым реквизиттері – шевронның және эмблемалардың сипаттамасы мен нысаны
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының (бұдан әрі – ҰҚК Академиясы) шевроны (жең белгісі) қызметкерлердің, курсанттар мен тыңдаушылардың ҰҚК Академиясына тиесілі екендігін білдіретін айырым реквизиті болып табылады. Шевронның негізгі нысаны ҰҚК Академиясының эмблемасы болып табылады.
2. Салтанатты киім-кешектерге арналған шеврон – ҰҚК Академиясы эмблемасының түрлі-түсті кескінімен (1-сурет) және күнделікті-далалық киімдерге арналған шеврон – ҰҚК Академиясы эмблемасының бүркеніш түсті қарапайым кескінімен (2-сурет) дайындалады.
3. Айрықша салтанатты киім-кешектерге арналған жең белгісіндегі жиек алтын түстес жіппен тігіледі (1-сурет).
Ескертпе. Шеврон киімнің оң жақ жеңіндегі иық тігісінен төмен қарай 12 см қашықтықта орналастырылады.
1-сурет. Салтанатты киім-кешекке арналған шеврон | 2-сурет. Күнделікті далалық киім-кешекке арналған шеврон |
4. ҰҚК Академиясының эмблемасы үш түспен жиектелген, білімнің үш деңгейін білдіретін ашылған кітаптың (білім мен даналық рухы) ішінде орналасқан негізгі шеңберлі қалқаннан (сыртқы дұшпаннан қорғау), қосарлы жеті қырлы жұлдыз (сенім мен үміт) және кіші қалқанның ішіндегі шаңырақтан (халықпен бірге болу) құралған элементтерден тұратын, мән-мағыналы кескін үлгісін бейнелейтін ұлттық қауіпсіздік органдары арнайы оқу орнының айырым реквизиті болып табылады.
5. ҰҚК Академиясы эмблемасының нысаны алтын (сары) түсті жиекпен көмкерілген, көгілдір (көк) түсті орталық алаңы және көктікен (көк) түсті сыртқы шеңбері бар дөңгелек қалқан бейнесінен тұрады. Көктікен (көк) түсті қалқанның сыртқы шеңберін бойлай мемлекеттік тілде: үстіңгі жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", төменгі жағында "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ АКАДЕМИЯСЫ" деген жазу жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған. Қалқанның ортасында көгілдір (көк) түсті алаңның үстінде жеті доғал шұғыласы бар, алтын (сары) негізіне күрең қызыл (қою қызыл) түсті айшықты жеті ұшты жұлдыз орналасқан.
Жақұтты жұлдыздың ортасында кіші қалқан орналасқан.
Алтын (сары) жиекпен көмкерілген көктікен (көк) түсті қалқанның шеңберін бойлай "НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН" деген мемлекеттік тілдегі ұран жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.
Қалқанның ортасында көгілдір (көк) түстің үстіне алтын (сары) түсті киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі – "шаңырақ" орналасқан.
Шеңберлі қалқан көгілдір, ақ және көк түстермен жиектелген ашылған кітаптың ішінде орналасқан.
6. Эмблема түрлі-түсті бөлшекті конструкция (5-сурет) немесе алтын барельеф түрінде (4-сурет) дайындалады.
7. Эмблеманың кескіні түрлі-түсті (5-сурет) және ақ-қара (қарапайым) сурет түрінде (6-сурет) немесе көлемді конструкция (3-сурет) және алтын барельеф түрінде (4-сурет) бейнеленеді.
3-сурет. Көлемді конструкция | 4-сурет. Алтын барельеф |
5-сурет. Түрлі-түсті сурет | 6-сурет. Ақ-қара сурет |
2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілердің сипаттамасы мен нысаны
8. ҰҚК Академиясын бітіргені туралы белгі периметрі бойынша көктікен (көк) түсті жиекпен шектелген көгілдір (көк) түсті өрісі бар эмблема түріндегі жапсырмадан тұрады (7-сурет).
9. ҰҚК Академиясының магистратурасын бітіргені туралы белгі периметрі бойынша күміс түсті жиекпен шектелген көктікен (көк) түсті өрісі бар эмблема түріндегі жапсырмадан тұрады (8-сурет).
10. ҰҚК Академиясының докторантурасын бітіргені туралы белгі периметрі бойынша алтын түсті жиекпен шектелген көктікен (көк) түсті өрісі бар эмблема түріндегі жапсырмадан тұрады (9-сурет).
11. Белгілердің өлшемі: биіктігі 23 мм, ені 47 мм, ернеудің ені 2 мм, жиектің қалыңдығы 0,5 мм. Белгілердің артқы жағында бекітуге арналған бұранда болады.
7-сурет. ҰҚК Академиясын |
8-сурет. ҰҚК Академиясының |
9-сурет. ҰҚК Академиясының |